2025 жылдың 27 қарашасында Психология апталығы аясында педагог-психолог Злотина Ю. Д. 5–11 сынып оқушылары арасында «Біздің сыныпта буллинг бар ма?» тақырыбында сауалнама жүргізді. Оқушылар сауалнамаға белсенді қатысып, сыныптардағы өзара қарым-қатынастар мен психологиялық жайлылық деңгейін неғұрлым объективті бағалауға мүмкіндік берді.
Осы күні «Интернет желісі болмаса мен не істер едім?» Фотокроссы өткізілді. Фотокросстың мақсаты — оқушылардың дені сау және қауіпсіз бос уақыт дағдыларын қалыптастыру, шығармашылық ойлауын дамыту, коммуникативтік қабілеттерін нығайту және интернетсіз тірі қарым-қатынастың құндылығын түсіндіру.
Өткізілген іс-шаралар оқушылардың саналы көзқарасын арттыруға, мейірімді қарым-қатынас мәдениетін дамытуға және мектепте қолайлы психологиялық ахуал қалыптастыруға ықпал етті.