"Ақмола облысы білім басқармасының Атбасар ауданы бойынша білім бөлімі Атбасар қаласының  № 3 жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение «Общеобразовательная школа №3 города Атбасар отдела образования по Атбасарскому району управления образования по Акмолинской области» 

СоцСети

   

 

 

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Дүниежүзілік ЖИТС-ке қарсы күрес күнінің қарсаңында ең үздік буклет бойынша «Қымбат маған өмірім!» облыстық сырттай байқауы өтті

02.12.2020

Салауатты өмір салтын насихаттау мақсатында, Дүниежүзілік ЖИТС-ке қарсы күрес күнінің қарсаңында Ақмола облысының білім басқармасы мен өнерпаз дарынды балалармен жұмыс жүргізу жөніндегі облыстық оқу-әдістемелік орталығы 2020 жылдың 27 карашасы күні ең үздік буклет бойынша «Қымбат маған өмірім» облыстық сырттай байқауының қорытындысын шығарды.

Байқаудың мақсаты оқушыларды ЖИТС-тің алдын-алу проблемаларына саналы түрде қарауға мотивациялау, олардың белсенді өмірлік ұстанымдарын қалыптастыру.

Байқауда жалпы білім беретін мектеп оқушыларының, балалар шығармашылық үйлері (орталықтарының) тәрбиеленушілерінің – барлығы 49 білім алушының жұмысы қаралды.

Photo shop, Corel Photo-Point және т.б. графикалық редакторларында өңделген буклеттер қалың жылтыр қағаздан жасалып, түрлі-түстілігімен, сонылығымен,  авторлық суреті бар мәтінімен ерекшеленді.

Ең үздік буклетті анықтау үшін қазылар мүшесі ретінде ЖИТС-тің алдын алу және күресу бойынша Ақмола облыстық орталығының маманы Конуспаев Нурлыбек Аскерович, Ақмола облысы денсаулық сақтау басқармасы жанындағы Облыстық психикалық денсаулық орталығының психологы Молодовская Наталья Анатольевна, өнерпаз дарынды балалармен жұмыс жүргізу жөніндегі ООӘО әдіскері Турабаева Жулдус Кушеровна шақырылды. Буклеттер мазмұндылығы мен шығармашылық тәсілдеріне қарай бағаланды.

Қазылар алқасы қатысушылардың жұмыстарын қарастырып, келесі жеңімпаздарды анықтады:

1 орын – Богомолов Андрей – Бұланды ауданы, Журавлев орта мектебі

2 орын – Каримова Гүлназ – Қорғалжын ауданы, Ақтан Төлеубаев атындағы орта мектебі

2 орын – Порфенова Валентина – Сандықтау ауданы, Балкашин №1 орта мектебі

3 орын – Пушкарев Роман – Степногорск қаласы Балалар шығармашылық үйі

3 орын –Хадиева Зухра – Бурабай ауданы Щучье қаласы №1 мектеп-гимназиясы

3 орын – Дулатова Алуа – Көкшетау қаласы, Абай атындағы №3 ДБАОММИ.

Жүлделі орын иегерлері Ақмола облысы білім басқармасының дипломдарымен және бағалы сыйлықтарымен, белсенді қатысушылар грамоталармен сырттай формада марапатталатын болады.

Просмотров: 336


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст