"Ақмола облысы білім басқармасының Атбасар ауданы бойынша білім бөлімі Атбасар қаласының  № 3 жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение «Общеобразовательная школа №3 города Атбасар отдела образования по Атбасарскому району управления образования по Акмолинской области» 

СоцСети

   

 

 

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Зерттеу жұмыстары мен шығармашылық жобаларының республикалық «Зерде» қашықтық байқауының облыстық кезеңінің жеңімпаздары анықталды

02.12.2020

2020 жылдың 16-20 қараша аралығында 1-7 сынып оқушылар арасында зерттеу жұмыстары мен шығармашылық жобаларының республикалық «Зерде» қашықтық байқауының облыстық кезеңі өтті.

Байқаудың мақсаты – зерттеулік әдептің дағдыларын жетілдіру және зерттеулік әдістерді дамыту арқылы бастауыш және негізгі мектеп оқушылары тұлғалығының зияткерлік-шығармашылық әлеуетін дамыту, ерте мектеп жасынан оқушылар бойында зияткерлік шығармашылықты дамыту.

«Аталмыш байқауға 172 зерттеу жобалары тапсырылып, оның ішінде 121 зерттеу жобалары сараптамадан өтті. Байқауға 15 ауданнан, Көкшетау, Степногорск қалалары мен дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектеп-интернаттарынан барлығы 129 оқушы қатысты» - деп хабарлайды Аягоз Алдабергенова.

Оқушылардың зерттеу жұмыстары төмендегі 9 секция бойынша өткізілді:

1 секция - қазақ тілі мен әдебиеті;

2 секция - орыс тілі мен әдебиеті;

3 секция - математика, информатика;

4 секция - физика, техника;

5 секция - медицина, психология;

6 секция - химия, биология;

7 секция - тарих, өлкетану, этномәдениеттану;

8 секция - экология, валеология;

9 секция – робототехника.

Жүлдегерелер жас ерекшеліктеріне сәйкес 1-4 (кіші жастағы топ) және 5-7 (ересек жастағы топ) сыныптар бойынша анықталды.

Байқау қорытындысы бойынша І дәрежелі дипломмен 20 оқушы, ІІ дәрежелі дипломмен 42 оқушы, ІІІ дәрежелі дипломмен 46 оқушы, грамотамен 12 оқушы марапатталды.

Жүлдегерлерімізді құттықтаймыз! Әлі талай жетістіктеріңізбен қуанта беріңіздер!

Просмотров: 403


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст