А.ж. 10-12 қараша аралығында «Мамандықтар әлемін ашамыз» республикалық форумына Атбасар ауданынан 9 бала қатысты.
Форумның міндеттері:
1) өзінің өмірлік жолын, ізденіс қызметін жобалау жағдайында жүрген білім алушылардың қызығушылықтарын жандандыру;
2) кәсіби өзін-өзі анықтау сұрақтарында жоғары сыныптағылардың тиімді қоғамдық маңызды қызметін қолдау және дамыту;
3) көрнекті тұлғаларды анықтау және қолдау, кәсіби білім алуда шығармашылық қабілетті дамыту.
Балалар 4 номинация бойынша өнер көрсетті: «Мұндай мамандық бар», «Мамандық таңдау уақыты», «Мен мамандықтар әлеміндемін», «Мамандық кеше, бүгін, ертең».
Форум қорытындысы бойынша «Мамандықты таңдау уақыты» номинациясы бойынша Багусова Амина 1 орын алды;
Әділбеков Шыңғыс «Мамандық кеше, бүгін, ертең» номинациясы бойынша 3 орын алды.
Амина Багусова Атбасар қаласының балалар мен жасөспірімдер орталығының тәрбиеленушісі, «Жас ұлан» ББЖҰ және «Әлем» аудандық жастар қоғамдық бірлестігінің көшбасшысы болып табылады.
«Дарын» Республикалық қосымша білім беру оқу-әдістемелік орталығына «Мамандықтар әлемі» республикалық форумына қатысуға мүмкіндік бергені үшін зор алғысымды білдіргім келеді», - деп бөлісті Амина.
Оқушылар мен олардың жетекшісі Кристина Нургалиеваны шын жүректен құттықтаймыз.