"Ақмола облысы білім басқармасының Атбасар ауданы бойынша білім бөлімі Атбасар қаласының  № 3 жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение «Общеобразовательная школа №3 города Атбасар отдела образования по Атбасарскому району управления образования по Акмолинской области» 

СоцСети

   

 

 

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

«Мен туберкулез бен коронавирус жайлы не білемін» облыстық онлайн викторинасында ақмолалық оқушылар білгендерімен бөлісті

16.11.2020

2020 жылдың 9 қарашасында Ақмола облысы білім басқармасының жанындағы «Өнерпаз дарынды балалармен жұмыс жүргізу жөніндегі облыстық оқу-әдістемелік орталығы» қауіпті аурулардың алдын-алу мақсатында «Мен туберкулез бен коронавирус жайлы не білемін» облыстық онлайн викторинасын өткізді.

«Іс-шараның мақсаты оқушыларды туберкулез бен коронавирустың таралу белгілерімен және жолдарымен таныстыру, патриоттық, экологиялық, санитарлық - гигиеналық тәрбиені жүзеге асыру, аурудың алдын алу бойынша насихаттау болды», - дейді ұйымдастырушылар.

Викторинаға Астрахан, Аршалы, Атбасар, Бурабай, Егіндікөл, Қорғалжын аудандары мен Нұр-Сұлтан, Көкшетау қаласынан барлығы 20 оқушы қатысты.

Оқушылардың жауаптарын білікті қазылар алқасы бағалады: Кабидуллинов Руслан Жумагазыевич – ҚР «Қызыл Ай Қоғамының» Ақмола облыстық филиалы бойынша Covid-19-дан жауапты жаттықтырушысы; Абдуллаева Фариза Жасулановна – «Игілік» тубуркулездің алдын алу және ауырудың санын азайту бойынша қоғамдық қорының әлеуметтік қызметкері; Альшимбаева Данара Дастановна – Өнерпаз дарынды балалармен жұмыс жүргізу жөніндегі облыстық оқу-әдістемелік орталығының әдістеме бөлімінің меңгерушісі.

Просмотров: 346


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст