Оқушылардың патриоттық сезімін ояту мақсатында және ІІ тоқсанның басында қазақ тілі мен әдебиет сабағында бағдарлама бойынша 8-сынып оқушылар бұл фильмді көруге көру қажет. Сондықтан 10 қараша күні 8 «В» сынып оқушылары күзгі демалыс уақытында режиссер Сламбек Тәуекел мен сценарийші Лаврентий Сон түсірген «Жерұйық» фильмін көрді.
«Жерұйық» фильмі 2011 жылы жарық көрді.Бұл көркемфильм 1937 жылы Қиыр Шығыстан кәрістер жер аударылған Алматы облысы, Үштөбе ауылында өскен сценарист Сон Лаврентийдің балалық шағы туралы десек те болады. Бірақ фильмнің сценарийін Лаврентий Сон мен Сламбек Тәуекел бірлесе отырып жазған екен. Фильмнің басты идеясы — Қазақстандағы көпұлттылықтың пайда болуын көрсету. Қазақ халқы отандастарымызды жылы қарсы алып, оларға мейірімділік танытты.
Фильмді оқушылар көріп болғаннан кейін, онлайн конференция арқылы баяндап, талқыладық. Әр оқушы өз ойын, алған әсерін айтты. Бұл фильм оқушыларға қатты ұнады. Олар қазақ жерінің тарихымен танысты. Қазақ тілінен сөздік қорлары байыды.
Автор Абдугалиева А.Т.