"Ақмола облысы білім басқармасының Атбасар ауданы бойынша білім бөлімі Атбасар қаласының  № 3 жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение «Общеобразовательная школа №3 города Атбасар отдела образования по Атбасарскому району управления образования по Акмолинской области» 

СоцСети

   

 

 

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

АСТАНАДА ОРТАЛЫҚ АЗИЯДАҒЫ ЕҢ ІРІ РОБОТОТЕХНИКА ЧЕМПИОНАТЫ ӨТЕДІ

13.02.2024

Биыл ақпанның 23-25-і Астанада Central Asia FIRST Championship ресми чемпионаты өтеді. Оған әлемнің 10 елінен 3000-нан астам оқушы қатысады. Қатысушылар арасында көптеген мемлекеттерден командалар, оның ішінде Гонконг, БАӘ, Түркиядан келетін оқушылар бар. Қазақстанды іріктеу чемпионаттары барысында квота алған 200 команда таныстырады.

«Мұндай көлемдегі робототехника бойынша чемпионат Қазақстанда алғаш рет өтеді. Өткен жылы чемпионатқа 1200-ге жуық оқушы қатысты, биыл қатысушылар саны 2,5 есе көп. Біз балаларымыз бәсекелестікті сезінуі үшін халықаралық мықты командаларды шақырдық», - деп бөлісті USTEM Foundation қорының негізін қалаушы Нұрдәулет Досмағамбет.

Мектеп оқушылары үш негізгі жас санаты бойынша бақ сынайды: FLL Explore (6-10 жас), FLL Challenge (10-16 жас) және FIRST Tech Challenge (12-18 жас). Чемпионатта Роботтар ойынынан басқа инновациялық жобалар байқауы мен төрешілер сессиялары қамтылады.

Central Asia FIRST Championship жеңімпаздарының халықаралық жарыстарға қатысуға лицензиялар, бағалы сыйлықтар және қазақстандық әрі шетелдік жоғары оқу орындарына гранттар алуға мүмкіндіктері болады.

Ұйымдастырушылар: ҚР Оқу-ағарту министрлігінің жан-жақты қолдауымен USTEM Foundation және «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығы

https://www.gov.kz/memleket/entities/edu/press/news/details/703766?lang=kk 

Просмотров: 370


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст