Текст
2 сәуір күні пандемия кезінде короновирустық инфекцияның таралуының алдын алу мақсатында №3 ОМ бойынша білім беру үдерісін ұйымдастыру бойынша қашықтықтан сынып ата-аналар жиналысы өткізілді. Жиналыс барысында 1-11 сынып жетекшілері ата-аналардың назарына сыныптағы оқу үдерісі қалай ұйымдастырылатыны, қашықтықтан оқыту тәртібі эпидемиологиялық жағдайға байланысты сақталатыны туралы жеткізді. Одан кейін қашықтықтан оқыту бойынша ұсыныстарды айтып, соңында қашықтықтан оқыту жағдайында оқу кеңістігін құрудың маңызды талаптарымен, күн тәртібімен таныстырды.