"Ақмола облысы білім басқармасының Атбасар ауданы бойынша білім бөлімі Атбасар қаласының  № 3 жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение «Общеобразовательная школа №3 города Атбасар отдела образования по Атбасарскому району управления образования по Акмолинской области» 

СоцСети

   

 

 

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

ХАЛЫҚАРАЛЫҚ «INFORMATICS-ASIA» КОМПЬЮТЕРЛІК ЖОБАЛАР БАЙҚАУЫНА 450 ОҚУШЫ ҚАТЫСАДЫ

20.12.2023

Астанада ҚР Оқу-ағарту министрлігінің қолдауымен «INFORMATICS-ASIA» халықаралық компьютерлік жобалар байқауы басталды. Жарысқа 4 мемлекеттен 184 жобамен 450 оқушы қатысады.

Байқаудың негізгі мақсаты:
- IT саласында ғылыми зерттеушілікке қызығушылық танытатын дарынды жастарды анықтау, қолдау және дамыту;
- IT саласын дамытудың тиімді құралы ретінде дарынды оқушылардың ғылыми-зерттеу әрекетіне негізделген жаңа жобаларды әзірлеу;
- Әртүрлі елдерден оқушылар мен мұғалімдерді тарту арқылы халықаралық ынтымақтастықты нығайту және шығармашылық тәжірибе алмасу.

Жарыс ағылшын тілінде жүргізіледі және алты бағыт бойынша өтеді: Робототехника - FLL Challenge және Arduino Hackathon; Компьютерлік бағдарламалау; Компьютерлік графика және өнер; Қолданбалы ғылыми жобалар; Қысқаметражды фильмдер; Қолданбалы математика жобалары.

Айта кету керек, аталмыш білім бәйгесі Қазақстанда 10 жылдан бері өткізіліп келеді. Осы уақыт ішінде іс-шараға 20 мемлекеттен 5000-ға жуық оқушы қатысты. Жарыстан үздік шыққан жүлдегерлер еліміздің және әлемнің беделді ЖОО гранттарына ие болып, қазіргі таңда мемлекетіміздің әр саласында видеограф, дизайнер, программист сияқты жұмыстар атқарып келеді.

Байқау 18 желтоқсан күні қорытындыланады.

Байқау ұйымдастырушылары: ҚР ОАМ «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығы және «Білім-Инновация» халықаралық қоғамдық қоры болып табылады.

https://www.gov.kz/memleket/entities/edu/press/news/details/672964?lang=kk

Просмотров: 500


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст