"Ақмола облысы білім басқармасының Атбасар ауданы бойынша білім бөлімі Атбасар қаласының  № 3 жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение «Общеобразовательная школа №3 города Атбасар отдела образования по Атбасарскому району управления образования по Акмолинской области» 

СоцСети

   

 

 

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Мажарстан үкіметі Қазақстан азаматтары үшін 250 білім грантын бөлді

04.03.2020

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі мен Мажарстанның Адами ресурстар министрлігі арасындағы 2013 жылғы 19 қарашадағы білім және ғылым саласындағы ынтымақтастық туралы келісім шеңберінде 2020–2021 оқу жылына «Stipendium Hungaricum» стипендиялық бағдарламасы бойынша Мажарстан үкіметі Қазақстан азаматтары үшін 250 білім грантын бөлді.

Мажарстанда оқуға конкурсқа қатысу үшін «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ 1145 өтініш қарады, оның ішінде:

Бакалавриат бағдарламасы бойынша 110 орынға – 731 адам;

Бакалавриат+магистратура бағдарламасы бойынша 30 орынға – 103 адам;

Магистратура бағдарламасы бойынша 30 орынға – 281 адам;

Докторантура бағдарламасы бойынша 20 орынға – 30 адам.

Б. Айтимованың төрағалығымен өткен білім беру мекемелері және мемлекеттік органдар өкілдерінен тұратын Конкурстық комиссия отырысының нәтижесі бойынша қазақстандық тараппен 250 адам оқуға түсуге және 75 адам резервтік тізімге ұсынылды.

Оқу грантын тағайындау туралы соңғы шешім Мажарстан тарапымен қабылданады.

 

 

Просмотров: 509


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст