"Ақмола облысы білім басқармасының Атбасар ауданы бойынша білім бөлімі Атбасар қаласының  № 3 жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение «Общеобразовательная школа №3 города Атбасар отдела образования по Атбасарскому району управления образования по Акмолинской области» 

СоцСети

   

 

 

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Бос жұмыс орны

28.07.2023

«АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ АТБАСАР АУДАНЫ БОЙЫНША БІЛІМ БӨЛІМІ АТБАСАР ҚАЛАСЫНЫҢ № 3 ЖАЛПЫ БІЛІМ БЕРЕТІН МЕКТЕБІ» КММ

 

Атбасар қаласы , 1 шағын аудан 7 В ғимараты

 

Тел. 8(716) 43 – 5 – 33 - 41

Электрондық мекен-жай: atbasar_shkola3@mail.ru

Бос лауазымдардың атаулары:

1. Педагог – психолог -1 жүктеме

2. Физика – 36 сағат

3. Орыс тілі – 20 сағат

4. Ағылшын тілі – 21 сағат

5. Қазақ тілі – 64 сағат

6. Математика – 70 сағат

7. Тарих – 18 сағат

8. География – 12 сағат

9. Дене шынықтыру – 12 сағат.

10. Тәлімгер – 1 жүктеме

 

Функционалдық міндеттері:

 

       МЖМБС сәйкес оқытылатын пәннің ерекшелігін ескере отырып, білім алушыларды оқыту мен тәрбиелеуді жүзеге асырады;

        білім алушы мен тәрбиеленушінің жеке басының жалпы мәдениетін қалыптастыруға және оны әлеуметтендіруге ықпал етеді, білім алушылардың жеке қабілеттерін анықтайды және дамытуға ықпал етеді;

       білім алушылардың жеке қажеттіліктерін ескере отырып, оқытудың жаңа тәсілдерін, тиімді нысандарын, әдістері мен құралдарын пайдаланады;

       пәндер бойынша қысқа мерзімді және орта мерзімді (күнтізбелік-тақырыптық) жоспарлар, бөлімге жиынтық бағалау және тоқсанға жиынтық бағалау үшін тапсырмалар жасайды;      проводит анализ по итогам проведения суммативного оценивания за раздел и суммативного оценивания за четверть с комментариями;

      электрондық күнделікті толтырады;

      білім алушылар мен тәрбиеленушілердің мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру ста ндартында көзделген деңгейден төмен емес тұлғалық, жүйелі-белсенділік, пәндік нәтижелерге қол жеткізуін қамтамасыз етеді;

      оқу бағдарламаларын, оның ішінде ерекше білім беру қажеттіліктері бар білім алушыларға арналған бағдарламаларды әзірлеуге және орындауға қатысады, оларды оқу жоспары мен оқу процесінің кестесіне сәйкес толық көлемде іске асыруды қамтамасыз етеді;

        білім алушылардың, тәрбиеленушілердің жеке қабілеттерін, қызығушылықтары мен бейімділігін зерделейді;     

       ерекше білім беру қажеттіліктері бар білім алушының жеке қажеттілігін ескере отырып оқу бағдарламаларын бейімдейді;

       ата-аналарға арналған педагогикалық консилиумдарға қатысады;

      ата-аналарға кеңес береді;

      кәсіби құзыреттілікті арттырады;

      еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау, өртке қарсы қорғау ережелерін сақтайды;

       білім беру процесі кезеңінде білім алушылардың өмірі мен денсаулығын қорғауды қамтамасыз етеді;

        ата-аналармен немесе оларды алмастыратын адамдармен ынтымақтастықты жүзеге асырады;

       тізбесін білім беру саласындағы уәкілетті орган бекіткен құжаттарды толтырады;

    Білуі керек:

Қазақстан Республикасының Конституциясы, "Білім туралы", "Педагог мәртебесі туралы", "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы", "Қазақстан Республикасындағы тіл туралы", "Мүмкіндігі шектеулі балаларды әлеуметтік медициналық-педагогикалық және түзету арқылы қолдау туралы" Қазақстан Республикасының заңдары, мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты және бағыттарды айқындайтын өзге де нормативтік құқықтық актілер білім беруді дамыту перспективалары;

     оқу пәнінің, оқу-тәрбие процесінің, оқыту және бағалау әдістемесінің мазмұны;

     педагогика және психология;

     пәнді оқыту әдістемесі, тәрбие жұмысы, оқыту құралдары және олардың дидактикалық мүмкіндіктері;

     педагогикалық этика нормалары;

     оқу кабинеттері мен қосалқы үй-жайларды жабдықтауға қойылатын талаптар;

     құқық негіздері және еңбекті, экономиканы ғылыми ұйымдастыру;

     еңбек заңнамасының негіздері, еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау, өрттен қорғау ережелері, санитарлық ережелер мен нормалар.

     Еңбекке ақы төлеудің мөлшері және өзге де шарттары:

     Қызметкерге штаттық кестеге сәйкес лауазымдық жалақы белгіленеді.

Жалақы ақшалай түрде төленеді: ай сайын шот карталарына, келесі айдың 10-на дейін жалақы төленеді.

Просмотров: 270

Қосымшалар:



Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст