Текст
2023 жылғы 15 ақпанда Жеңіс алаңында Ауғанстан Республикасынан әскерлердің шығарылғанына 34 жыл толуына орай қаза тапқан ауған жауынгерлерінің ескерткішіне гүл қою рәсімі өтті. Бұл шараға Радик Зарипов атындағы «Азамат» кадет қозғалысының оқушылары қатысты. Бүкіл әлемде күрделі халықаралық қатынастар кезеңінде өздерінің әскери және азаматтық борышын адал және батыл орындағандардың барлығына шексіз алғысымызды білдіреміз.
Директордың ТІ жөніндегі орынбасары Ю.А.Ионина