"Ақмола облысы білім басқармасының Атбасар ауданы бойынша білім бөлімі Атбасар қаласының  № 3 жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение «Общеобразовательная школа №3 города Атбасар отдела образования по Атбасарскому району управления образования по Акмолинской области» 

СоцСети

   

 

 

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Ұлт тарихында аты мәңгі өшпейтін кемел тұлға – Ыбырай Алтынсарин

03.11.2021

Нағыз халықшыл жазушы, өмір шындығын озық идея тұрғысынан таныта білген кемеңгер суреткер, қоғам қайраткері, заманының ең маңызды мәселесін көтеріп, жыр төккен азамат-ақын, жаңашыл жазушы Ы. Алтынсариннің 180 жылдығы аясында №3 ЖББМ-де бірқатар іс-шаралар өткізілді.

Казақ тілі және әдебиет пәнінің мұғалімдері К. Б. Абикеновамен «Ұлы даланың Ұлы есімдері» атты көрме ұйымдастырылып, 6 сыныптар арасында С. Т. Құсаиновамен Ы. Алтынсариннің «Әке мен бала» әңгімесіне бейнесюжет құрастырылды. Іс-шаралар дәстүрлі түрде де, онлайн форматта да өтті.

Содай-ақ, пән мұғалімдері А. Т. Әбдуғалиева мен З. Ә. Сейтеновамен Ұлы жазушыға арналған «Қазақ даласының алғашқы ұстазы» тақырыбында 7 сынып оқушылары арасында өткізілген Ы. Алтынсариннің шығармаларын мәнерлеп оқуда жарысқан «Сөз құдіреті», «Кел, балалар, оқылық» атты мәнерлеп оқу сайысын ерекше атап өткен жөн.

Онкүндіктің жалғасын 10 сыныптар арасында Г. С. Байжановамен ұйымдастырылған «Ы. Алтынсаринге 180 жыл» тақырыбында шығармашылық кеш жалғастырды. Іс-шараның Ыбырай еңбектерін терең меңгерте отырып, оқушыларға ұлы ұстаздар өсиетін үлгі ету, ғұламаның табиғат лирикасы мен өнер-білімге үндейтін өлеңдеріндегі үндестігін, жақындығын ашу және оқушылардың әдебиетке деген сүйіспеншіліктерін оята отырып, еңбек сүйгіштікке, табиғатты қорғауға және шығармашылық ізденісін арттыру жұмыстары аясында әдістемелік ұсынымдар беру мақсатында ұйымдастырылды. Шығармашылық кеш барысында пән мұғалімі Ыбырай шығармаларындағы үндестікті тәжірибе жүзінде жүргізу аясында әдістемелік ұсынымдар берді. 

Сонымен қатар, барлық сыныптар арасында «Даланың дара ұстазы» атты сынып сағаттары өткізілді. Іс-шаралар өткізу барысында білім алушылар Ұлы ұстаздың еңбектерін талдап және тест тапсырмаларына жауап бере отырып, өздерінің шығармашылық қабілеттерін көрсете білді. Бастауыш сынып оқушылары үшін сынып жетекшілері «Ы. Алтынсариннің балалық шақ әлеміне саяхат» атты саяхат сабақтарын өткізіп, сабақ барысында балаларды ұлы ағартушының өмірімен таныстырды. Шығармалар негізінде суреттер, аппликациялар, композициялар жасалды.

Осындай іс-шаралар оқушыларға Ыбырай Алтынсариннің педагогикалық мұрасының тарихымен жақынырақ танысуға көмектеседі. Ы. Алтынсарин Қазақстан Республикасының дамуында өшпес із қалдырды және әлі күнге дейін жас ұрпаққа үлгі болып қала бермек.

Авторы: қазақ тілі және әдебиет мұғалімі Ахмедиянова А. С.

Просмотров: 330


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст