"Ақмола облысы білім басқармасының Атбасар ауданы бойынша білім бөлімі Атбасар қаласының  № 3 жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение «Общеобразовательная школа №3 города Атбасар отдела образования по Атбасарскому району управления образования по Акмолинской области» 

СоцСети

   

 

 

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

«Әліппе» және «Букварь» мектептерге қайта оралады

24.08.2021
Жаңа оқу жылындағы жаңалықтардың бірі — «Әліппе» және «Букварь» оқулықтарының мектеп бағдарламасына қайта оралуы. 1 қыркүйекте мектеп табалдырығын алғаш аттаған бірінші сынып оқушылары алғашқы оқулықтарын алады.

«Әліппе» Ахмет Байтұрсынұлының әдістемесі бойынша жасалған, яғни қарапайымнан күрделіге өту. Алдымен дыбыстар, әріптер, содан кейін буындар мен сөздер зерделенеді. «Әліппе» оқулығының көмегімен бірінші сынып оқушылары шағын мәтіндерді оқып, түсініп, қарапайым сөздер мен сөйлем жазуды үйренеді.

Оқулықтардың мазмұны технологиялық әзірлемелермен толықтырылған: смартфон камерасын арнайы QR-кодқа апарған кезде «суреттерді сөйлетуге» болады. Оқушылар еліміздің Әнұранын, өлеңдер мен ертегілерді тыңдай алады. Бұл баланың бойында ақпаратты визуалдық және тыңдау арқылы қабылдау дағдыларын дамытады.

«Әліппе» және «Букварь» оқулықтары мазмұны жағынан бірдей және бірінші сынып оқушыларының жас ерекшеліктерін ескере отырып жасалған.


 

Дереккөз – Қазақстан Республикасының Бiлiм және ғылым министрлігі @ Көшіру кезінде дереккөз сілтемесін пайдаланыңыз.

Просмотров: 291


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст