"Ақмола облысы білім басқармасының Атбасар ауданы бойынша білім бөлімі Атбасар қаласының  № 3 жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение «Общеобразовательная школа №3 города Атбасар отдела образования по Атбасарскому району управления образования по Акмолинской области» 

СоцСети

   

 

 

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Аудандық әдеби оқу сайысы

11.11.2025

Әбіш Кекілбаев — қазақ әдебиетінің көрнекті өкілі, жазушы, қоғам қайраткері. Ол 1939 жылы Маңғыстау өңірінде дүниеге келген. Әбіш Кекілбаевтың шығармалары терең ойлы, тарихи танымға толы, ұлттық рухты дәріптейтін туындыларымен ерекшеленеді.

Жазушының «Аңыздың ақыры», «Үркер», «Елең-алаң» романдары — қазақ прозасының алтын қорына енген еңбектер. Ол тек көркем әдебиетпен шектеліп қалмай, қазақ тарихын, мәдениетін зерттеген, саяси мәселелерге де белсене араласқан тұлға.

Әбіш Кекілбаев тәуелсіз Қазақстанның дамуына өз үлесін қосқан мемлекет қайраткері ретінде де танымал. Ол Парламент депутаты, Мемлекеттік хатшы қызметтерін атқарды.

Әдебиет пен ел тарихына қосқан еңбегі үшін көптеген мемлекеттік марапаттарға ие болды. Ол — Халық жазушысы, Қазақстанның Еңбек Ері.

Әбіш Кекілбаев — қаламымен де, қайраткерлігімен де халқының сүйіспеншілігіне бөленген ұлы тұлға.

7 қараша күні «Атбасар қаласының №6 жалпы білім беретін мектебі» КММ-де көрнекті жазушы , қоғам қайраткері , Қазақстан Халық жазушысы Әбіш Кекілбаевтың шығармашылғына арналған аудандық байқау өтті. Әрине бұл байқауға біздің де оқушылар қатысты. Байқауда түрлі номинациялар болды. Сурет салу номинация бойынша 10 сынып оқушысы Цыбик Ангелина 2 орын иеленді . Ангелинаны құттықтаймыз , жетекшісіне табыс тілейміз.

Просмотров: 425


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст