6 мамыр күні 2 "Б" сыныбында Отан қорғаушылар күніне арналған сынып сағаты өтті. Бұл – Қазақстанда Қарулы Күштердің құрылған күні ретінде аталып өтетін маңызды дата. Бұл мереке тек әскери қызметшілерге ғана емес, сондай-ақ өз Отанын, отбасын, бейбітшілік пен әділдікті қорғауды өз міндеті деп санайтын барлық ер азаматтарға арналған.
Іс-шараның мақсаты – балалардың бойында патриоттық сезімді, еліміздің қауіпсіздігін күзетіп тұрған жандарға деген құрметті қалыптастыру, сондай-ақ оқушылардың армия, сарбаз мамандығы және әскери қызмет туралы білімдерін кеңейту болды.Сынып сағаты барысында оқушылар мерекенің тарихымен танысып, неге 7 мамыр Отан қорғаушылар күні болып саналатынын және оның Қазақстанның тәуелсіздігімен қандай байланысы бар екенін білді. Балалар мұғалімнің әңгімесін қызығушылықпен тыңдап, пікір алмасуға белсене қатысып, әкелері, аталары және аға-інілері туралы әңгімелеп берді. Олар армияда қызмет еткен немесе қазіргі кезде қызмет етіп жүрген жақындарын мақтанышпен еске алды.
Ерекше есте қалған сәт — «Мен — болашақ Отан қорғаушысымын» тақырыбында сурет салу болды.
Бастауыш сынып мұғалімі А.К. Мусина