Текст
Мектеп кітапханасында Қазақ КСР халық жазушысы, қоғам қайраткері Сәбит Мұқановтың туғанына 125 жыл толуына орай «Тағдырлы жазушы – ұлы тағдырдың жазушысы» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды. Сәбит Мұқанов – өз шығармаларында қазақ халқының өмірін, ұлттық құндылықтарын, тарихи кезеңдерін әдеби тілмен бейнелеп, артына мол шығармашылық мұра қалдырған қазақ әдебиетінің көрнекті классигі.Кітап көрмесінде Сәбит Мұқановтың шығармалары, ол туралы әдебиеттер, сондай-ақ жазушы туралы естеліктер қойылған.