Балалық шақ - адам өмірінің ең маңызды кезеңі,
жеке тұлғаның ең қызықты және белсендігін
дамыту кезеңі. Жазғы уақытта денсаулықты сақтау тақырыбы ерекше өзекті
болып табылады. Жыл сайын №3 орта мектепте «Балалық шақ әлемі» атты мектеп ойын
алаңы жұмыс істейді. Мектеп ойын алаңында жеке мүдделерін қанағаттандыру ғана
емес, сондай-ақ өздерінің физикалық қасиеттерін дамытады және де достасуға, жанашырлық тануға үйренеді.
Мектеп ойын алаңының 4-мауысымы 17 шілдеден
бастап жұмысын бастады. Мектеп өзінің
қамқорлығы мен қуанышы бар шағын елге айналды.
Балалар әр түрлі спорт жарыстарына, түрлі
шығармашылық конкурстар мен викториналарға қызығушылық танытып қатысты. Олар ертегілер
викторинасына, денсаулығы туралы шағын викторинаға; спорттық және шығармашылық байқаулар сияқты осындай іс-шараларға
қатысты; балалар өздерінің шығармашылық қабілеттерін ашты, табиғи
материалдардан қолөнер жасады, сурет сайытарына қатысты. Балалар спорттық
ойындарға, жарыстарға, эстафеталарға қатысты.
Барлық
іс-шараның негізгі мақсаты - әлемнің сұлулығын әр түрлі бағытта көруге үйренеді.
Біздің қаламыздың мұражайларына бару – бұл мектеп алаңының дәстүріне айналып
кетті. К.Амирова атындағы тарихи-өлкетану мұражайында және Ілияс Есенберлиннің мұражайын араладық. Балалар
мұражайдан біздің жеріміздің тарихы, өсімдіктер мен жануарлар әлемінің
ерекшеліктері, ата-бабаларымыздың өмірі, адамдардың шығармашылығы мен өмірі
туралы көптеген қызықты мәліметтер алды. Саяхаттан кейін балалар өз пікірлерімен
бөлісіп, баққытты көңіл-күйде оралды.
Балалар
аудандық кітапханаға қуана барды, кітапты күтіп ұстау туралы және оларды сақтау
мен жасалу жолдары туралы көптеген
ақпарат алды, балалармен қызықты ойындар мен
байқаулар жүргізілді. Аудандық кітапханада өткен іс-шаралар балаларға үлкен
әсер берді, онда балалар «Колобок», «Шалқан» ертегілерінің
кейіпкерлері атанды. Көптеген балалар өз өнерлерін көрсетуге құлшыныс білдірді,
қызыққа толы іс-шаралар болды.
Аудандық
кітапханадағы кино-видео залы мен «Олимп» спорттық кешеңіне саяхат жасау
балалар үшін нағыз мереке болды. Балалар жақсы демалды. Өздерінің сүйікті
мультфилимдерін көріп, бірге караокемен
ән шырқап көңіл көтерді. Біздің қаламызда жазғы уақытта балалардың ақыл-ойы дамуына бағытталған мәдени
іс-шаралар өткізілуде. Аудандық кітапхананың, І.Есенберлин атындағы әдеби мұражайдың, К.Амирова атындағы
тарихи-өлкетану мұражайының, «Олимп» спорт кешеңінің қызметкерлеріне қызықты
іс-шаралары мен бізді жақсы ілтипатпен қарсы алғандары үшін алғыс білдіргім
келеді.
Балалар лагерьде жақсы демалғандары
туралы шын көңілімен айтты. Тәрбиешілер
балалардың жазғы демалысын жақсы өтуіне және ертең «Менің жазғы демалысым» атты
шағарма жазуына себебін тигізуге тырысты. Лагерьде жарақаттар мен өзгерістер болған жоқ.
Маусым айындағы «Балалық шақ әлемі» атты лагерьдегі демалыс біздің мектеп
оқушылары үшін көңілді, пайдалы өткеніне сенімдіміз.