Елбасымыз Н.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласы – саяси реформа мен экономикалық жаңғыру үдерістерінің басталғанының кепілі.
Елбасының бұл мақаласында қазіргі Қазақстанның басты рухани құндылықтары айқын көрініс тапқан. Бұл – мақала
ғана емес, мазмұны терең, ауқымы өте кең, ұлт руханиятын ХХІ ғасыр биігіне көтеретін рухани жаңғыру бағдарламасы деуге болады. Елбасы ғылым, білім, мәдениет пен тарихты тұтастай қамтитын ұлттық рухани жаңғыру бағдарламасын халық назарына ұсынып отыр.
Қазіргі таңда еліміздің оқу орындарында білім және тәрбие жүйесі Елбасының парасатты пайымдарын негізге ала отырып, қарқынды түрде жүзеге асыруда.
№3 орта мектепте Елбасы бағдарламасын іске асыру мақсатында 2017-2018 оқу жылына жоспар құрылып, түрлі іс-шаралар өткізіліп жатыр. Іс-шараларға мұғалімдер мен оқушылар қатысады. Жоспарланған жұмыс 1 -11 сыныптарда
тақырыпқа байланысты сынып сағаттарын өткізуден басталды. Бұнда сынып жетекшілері оқушыларды Бағдарламаның негізгі бағыттарымен таныстырды.