"Ақмола облысы білім басқармасының Атбасар ауданы бойынша білім бөлімі Атбасар қаласының  № 3 жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение «Общеобразовательная школа №3 города Атбасар отдела образования по Атбасарскому району управления образования по Акмолинской области» 

СоцСети

   

 

 

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Жаңа қазақстандық ұлтжандылық - қоғамымыздың табысқа жету негізі

16.11.2017

Соңғы жылдары Қазақстан Республикасында өскелең ұрпақ

тәрбиесіне байланысты болған  үлкен өзгерістер мен  жаңа мәселелер

ұлтжандылық  тәрбие берудің қоғам өміріндегі  алатын орны мен  мәнін қайта 

түсінуге негізделген. Отансүйгіштік тәрбие Республикамыздағы барлық іс-әрекеттің ажырамас

бөлігі болып табылады. 

Қазақстан Республикасының Президенті Н.А.Назарбаев «Қазақстан-2030»

стратегиясында басқа елдерге өз көзқарасын ұсынды.  «33 жылдан кейін мен Қазақстанды

қалай елестетемін? Біздің жас мемлекетіміз өсіп жетіледі,  балаларымыз бен немерелеріміз

мемлекетімізбен бірге ер жетеді. Олар өз заманының жауапты да қуатты, дені сау

және білімді  өкілдері болады. Олар өзінің  тез дамып келе жатқан, әлемге

белгілі ,әлем сыйлайтын , бейбіт елінің патриоттары болады». Бұл, шынында да,

солай. Тәуелсіздіктің 25 жылы ішінде  күшті, егеменді Қазақстанда  көптеген патриоттар тәрбие алды.

Атбасар қаласының № 3 орта мектебінде он жылдан астам  кадет сыныптарына оқушылар

қабылдануда. Ағымдағы жылдың 25 тамызында 5 кадет сыныбына қабылдау үшін кешенді

тестілеу жүргізілді.  Тестілеуді өткізген кезде, АӘД оқытушысы Кулешов Тимур тапсырмаларды

орындау бойынша толық нұсқау берді. Математикалық және оқу сауаттылығын тексеруге

бағытталған тапсырмалар шектеулі уақытта орындалды.

Тест тапсырмаларын орындаған соң, оқушылар  дене шынықтыру дайындығы бойынша 

нормативтерді тапсырды.  Осыдан кейін қабылдау комиссиясы жалпы

қорытынды жасап, өз шешімін жариялады.Балалар мен ата-аналары бұған үлкен

жауапкершілікпен қарады. Тәрбие ісі бойынша директордың орынбасары Ионина Ю.А. 

ата-аналармен және балалармен әңгімелесіп , кіріспе жасады. Балалар барлығы өз ризашылықтарын білдірді,

себебі кадет атану  өте құрметті және жауапты іс. 

 

 

Просмотров: 491


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст