Ауғаныстан соғысының аяқталғанына 29 жыл толды. Осы уақытқа дейін сол соғыстың маңыздылығы туралы, кеңес сарбаздары мен әскерінің рөлі туралы саясаткерлер мен
тарихшылардың бір жақты пікірі жоқ. Қандай көзқарас болмасын ол сұм соғыста адамдар қаза болды. Ауғанстан соғысынан жарты миллион сарбаз өтті, оның 22 269 қазақстандықтар. Қаза болғандардың
ішінде біздің жерлесіміз Радик Зарипов бар, ол өзінің интернационалдық парызын адал өтеді. Оның есімімен біздің мектепте «Азамат» кадет қозғалысы аталады. 15 ақпанда Ауғанстан Демократиялық республикасынан кеңес әскерінің шектеулі контингентінің шығарылғанына 29 жыл толуына орай ісшара өткізілді. 1-11 сынып
оқушылары үшін «Ауғанстан, сен біздің есіміздесің!» атты сынып сағаттары өткізілді, сарбаз-ауғанстандық Радик Зариповтың естелік бұрышы ресімделді. Оқушылар тарихи-өлкетану мұражайына барып, ауған соғысының батырларына арналған экскурсиямен таныстырылды.
9-шы кадет сыныбының оқушылары Жеңіс саябағындағы қаза болған сарбаз-интернационалистерге
арналған салтанатты жиынға қатысты.
Біз өсіп келе жатқан жас ұрпақ батырлардың ерліктеріне сай болып өз Отанын абыроймен
қорғайды деген сенімдеміз. Олардың дәстүрлерін сақтап, антқа берік болып Қазақстан Республикасының шынайы патриоттары болады деп үміттенеміз.