Мектепке келу - бала үшін және оның ата-аналары үшін өте жауапты кезең. Бұл жерде бала үшін көп жағдайды ата-аналар жасай алады – оның бірінші және маңызды тәрбиешілері ретінде.
Мектепке психологиялық тұрғыдан дайындығы келесі кезеңдерден тұрады:
- ең бірінші балада мектепке бару ниеті болуы тиіс – оқу оқуға ұмтылысы;
- оқушының әлеуметтік көзқарасы қалыптасуы керек: ол өзінің құрбыларымен әрекеттесе білуі, мұғалімнің талаптарын орындай ала білуі, өзінің мінезқұлқын бақылауы керек;
- ең бастысы баланың дені сау, төзімділігі болуы керек, әйтпесе сабақ барысында және оқу күнінің бойында жүктемелерге шыдауы қиын болады;
- онын ақыл ойының жақсы дамуы қажет, ол мектеп білімін жақсы меңгеруінің негізі болып саналады, және де баланың сыныппен бірге жұмыс істеп үлгеруі үшін зияткерлік қызметінің тиімді қозғалысын қолдауы үшін.
Мектепке дейінгі жастағы бала шындығында да танып білудің зор мүмкіндіктеріне ие. Балаға өзінің мүмкіндіктерін дамытып және жүзеге асыруына көмек беріңіздер. Ол үшін уақыттарыңызды аямаңыздар. Ол Сізге еселеп қайтады. Сіздің балаңыз мектеп табалдырығын үлкен сенімдікпен аттап, оқу оған ауыр міндеттеме емес қуаныш болады, содан Сізге оның үлгеріміне алаңдауға негіздер болмайды.