Текст
ҚМУ №3 орта мектебінің оқушылары «Шын жүректен кітап сыйла» тамаша челленджіне қатысуды жалғастыруда! Шара «Біртұтас тәрбие» бағдарламасы, «Балалар кітапханасы» жобасы және Дүниежүзілік кітап сыйлау күні аясында өткізілуде. Мерекенің негізгі идеясы – дүние жүзіндегі адамдарды жақсы кітап сыйлауға шабыттандыру және қағаз кітаптың өзекті сыйлық болып қала беретінін және технология ғасырында да құндылығын жоғалтпайтынын көрсету. Осы тамаша шараға қатысқандардың барлығына алғысымызды білдіреміз! Сыйға берілген кітаптардың әрқайсысы міндетті түрде өз оқырманын табады!