Суды үнемдеу мәселесіне ерекше назар аударылды. Балалар тұрмыстық қажеттіліктер үшін қанша литр су жұмсалатынын білді, сондай-ақ суды үнемдеудің қарапайым тәсілдерін мұғаліммен бірге талқылады: тісті тазалау кезінде кранды жабу, еден жуу кезінде шелек қолдану және ақауларды уақытында жөндеу.
Тамақты ұтымды пайдалану тақырыбы оқушылардың қызығушылығын оятты. Олар әлемде барлық тағамның үштен бірі қоқысқа тасталатынын білді және артық қалдықтардың алдын алу жолдарын талқылады: тек қажетті заттарды сатып алу, азық-түлікті дұрыс сақтау және тамақ қалдықтарын тастамау.Энергияны үнемдеу сынып сағатының соңғы бөлімі болды. Оқушылар артық жарықты сөндіру, үнемді шамдарды пайдалану және тұрмыстық құралдарды розеткадан ажырату арқылы электр энергиясын үнемдеуге және табиғатты сақтауға болатынын білді.
Материалды бекіту үшін оқушылар ресурстарды дұрыс және дұрыс емес пайдалану әдеттерін ажырату бойынша интерактивті ойында белсенді қатысты. Сынып сағаты «Ресурстарды қалай үнемдейміз» атты ескертпе қағазды бірлесе отырып дайындаумен аяқталды. Бұл ескертпе қағаз сыныпта ілініп, оқушыларға экологиялық әдеттердің маңыздылығын еске салып отырады.
Іс-шара жылы әрі танымдық атмосферада өтті. Оқушылар тек жаңа мәліметтер біліп қана қоймай, табиғи ресурстарды сақтау ісіне өз үлесін қосу туралы ойланды. Мұндай сабақ балаларға шағын қадамдардың өзі үлкен өзгерістерге әкелетінін түсінуге көмектесті.
Бастауыш сынып мұғалімі А.К. Мусина