Текст
4 желтоқсан күні 1 «Д» сыныбында «Сенің физикалық мүмкіндіктерің» тақырыбында дене шынықтыру сабағы өтті. Мұндай сабақтарда балалар дене шынықтыру жаттығуларының денсаулық үшін маңызын біледі, әртүрлі тапсырмалар арқылы олардың күш-қуатын, ептілігін, төзімділігін бағалай алады, дене жаттығуларын дұрыс орындауды үйренеді, жүйелі жаттығуларға ынта алады.