"Ақмола облысы білім басқармасының Атбасар ауданы бойынша білім бөлімі Атбасар қаласының  № 3 жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение «Общеобразовательная школа №3 города Атбасар отдела образования по Атбасарскому району управления образования по Акмолинской области» 

СоцСети

   

 

 

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

САЛАЛЫҚ КӘСІПОДАҚТЫҢ ЕҢБЕКШІ ӘЙЕЛДЕР ІСТЕРІ ЖӨНІНДЕГІ КОМИССИЯСЫНЫҢ ОТЫРЫСЫ

15.03.2023

Бүгін Астанада Қазақстандық оқу-ағарту, ғылым және жоғары білім қызметкерлері салалық кәсіподағының Еңбекші әйелдер ісі жөніндегі комиссиясының кезекті отырысы өтті. Отырыс жұмысына ҚРКФ төрағасының орынбасары, ҚРКФ еңбекші әйелдер комиссиясының төрағасы Г.Жұмагелдиева, Салалық кәсіподақтың орталық комитетінің басшылығы, сонымен қатар Комиссияның барлық мүшелері қатысты.

Комиссия отырысының жұмысына қатысушылар алдында Салалық кәсіподақ төрағасы Айгүл Мұқашева сөз сөйледі.

ҚРКФ төрағасының орынбасары, ҚРКФ еңбекші әйелдер комиссиясының төрағасы Г. Жұмагелдиева- ҚР Кәсіподақтар федерациясының еңбекші әйелдер істері жөніндегі комиссиясының жұмысы туралы баяндады.

Салалық кәсіподақ төрағасының орынбасарлары В.Беженаров пен Ә.Әбиева Кәсіподақта еңбек заңнамасының нормаларын қолдану және Салалық кәсіподақтағы Еңбекші әйелдер ісі жөніндегі Комиссияның жұмысы туралы ақпарат берді.

Комиссия мүшелері О.Сұлтанғалиева, Е.Крупко, Г.Жалекенова Комиссияның өңірлердегі жұмыс тәжірибелерімен бөлісті.

Күннің екінші жартысында Ә.Әбиева Конфликтология және қақтығыстарды басқаруға қатысты көлемді баяндама жасады.

Отырыс соңында Комиссия мүшелері Салалық кәсіподақтың Еңбекші әйелдер ісі жөніндегі комиссия жұмысына белсенді қатысқаны үшін Алғыс хаттармен марапатталды.

 

Қазақстандық оқу-ағарту, ғылым және жоғары білім қызметкерлері салалық кәсіподағының баспасөз қызметі

 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 


Добавить комментарий



Включить данные в подпись
Жаңартылған күні: 15.03.2023 08:50
Құрылған күні: 15.03.2023 11:00

Текст