"Ақмола облысы білім басқармасының Атбасар ауданы бойынша білім бөлімі Атбасар қаласының  № 3 жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение «Общеобразовательная школа №3 города Атбасар отдела образования по Атбасарскому району управления образования по Акмолинской области» 

СоцСети

   

 

 

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Қоғамдық бақылау және петиция туралы заңдар – сыбайлас жемқорлықтың алдын алудың жаңа кезеңі

14.01.2021

Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бағыты бойынша өзара іс-қимыл шеңберінде тараптардың бастамасымен Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі мен Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі басшылығының кездесуі өтті.

Онлайн режимінде Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің өңірлік департаменттері, Министрліктің ведомстволық бағынысты ұйымдары, әкімдіктердің ішкі саясат, қоғамдық даму, жастар және дін мәселелері жөніндегі басқармалары, сондай-ақ Қазақстан халқы Ассамблеясының филиалдары қатысты.

Министр Аида Балаева Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегия аясында жүзеге асырылып жатқан шаралар ведомствоның күн тәртібінде басым орын алатынын атап өтті.

«Министрлік азаматтық қоғам институттарын сыбайлас жемқорлықтың алдын алу тетіктеріне біріктірудің маңыздылығын толық түсінеді. Бұл олардың нақты тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді», – деп атап өтті министр.

Ағымдағы жылы АҚДМ-де көрсетілетін бірқатар мемлекеттік қызметтер қатары автоматтандырылғаны айтылды. Ал, «қағаз баламасынан» толықтай бас тартып, цифрлық форматқа көшу бойынша жұмыс министрліктің барлық салаларында алдағы жылы белсенді жалғасады.

«Адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің қатысуымен министрлік қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау және жою бойынша талдамалық жұмыс жеделдетілді, коммерциялық емес ұйымдарға гранттық қаржыландыру үрдістерін трансформациялау жүргізілді.

«Біз министрліктің өзінде тәуекелдерге ішкі талдау жүргізумен шектеліп қалмаймыз. Барлық ведомстволық бағынысты ұйымдарда да осы жұмысты жүргіземіз, азаматтармен және комплаенс-қызметтермен жұмыстың сервистік моделін енгізуді жалғастырамыз. Министрлік жұмысын түсіндіру және сыбайлас жемқорлық тәуекелдері туралы хабарлама алу бойынша халыққа арналған бірыңғай ақпараттық колл-орталық ашу да жоспарда бар» – деп сендірді жоба жетекшісі Лима Диас.

Министрліктің онлайн «Білім базасын» құрудағы тәжірибесі қызығушылық тудырды. Онда мемлекеттік тапсырыс пен гранттарды қаржыландыру шеңберінде ҮЕҰ соңғы 4 жыл ішінде жасаған интеллектуалды өнімдерді: ғылыми зерттеулерді, әдістемелік нұсқаулықтарды, есептері ашық қолжетімділікте орналастырылған.

Министрлікте баса назар мемлекеттік органдардың ашықтық дәрежесін бағалауға бағытталған, ақпаратқа қол жеткізу саласындағы заңнаманы жетілдіру бойынша шаралар пысықталуда. «Қоғамдық бақылау туралы», «Онлайн-петициялар туралы» заң жобаларына және «Қоғамдық кеңестер туралы» заңға енгізілетін жаңалықтарды әзірлеуде қоғамдық ұйымдармен бірлесіп атқарған жұмыс ерекше назар аударуға тұрарлық.

«Министрлік парасаттылық идеологиясын ілгерілетудегі негізгі әріптес болуға тиіс. Қоғамдық кеңестер қызметі саласындағы оң заңнамалық өзгерістер, қоғамдық бақылау және онлайн-петициялар желісі бойынша новеллалар – мемлекеттік органдар мен квазимемлекеттік сектор қызметінде, демек, сыбайлас жемқорлықтың алдын алуда ашықтық пен айқындықты арттыруда серпінді рөл атқаратыны сөзсіз», – деп атап өтті Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет басшысы Алик Шпекбаев.

Спикер сондай-ақ, ақпараттық және түсіндіру жұмыстарының өзектілігін атап өтіп, азаматтық қоғамның басты рөліне назар аударды. «Жастар форумдар мен флешмобтарға қатысумен шектелмеуі тиіс – оларды пәрменді іс-шараларға тарту қажет. Осыған ұқсас этно-мәдени орталықтар мен дәстүрлі діни бірлестіктердің өкілдері парасаттылық идеологиясын таратуға және дәріптеуге нақты қатысуы тиіс», – деді.

Шара барысында Қазақстанның Азаматтық Альянсының президенті Бану Нұрғазиева, «Қазақстандағы парламентаризмді дамыту қоры» қоғамдық қорының президенті Зәуреш Батталова, «Қазақстанның экологиялық ұйымдары қауымдастығы» ЗТБ Басқарма төрайымы Айгүл Соловьева, «Қоғамдық бақылау» тобының үйлестірушісі Саида Тәукелева сияқты азаматтық белсенділер өз ойларымен бөлісті.

Атап айтқанда, Айгүл Соловьева: «Министрлік басқа мемлекеттік органдарға ашықтықтың көрнекі үлгісін көрсетуде. Өткен жылы АҚДМ министрдің қатысуымен 40-тан астам түрлі онлайн-алаң өткізді, онда кез келген ниет білдіруші өз пікірін білдіріп, сұрақ қоя алды. Бұл трендті барлық мемлекеттік органдар қолдауы тиіс», – деді.

Шара соңында министр А. Балаева Агенттіктің ұсынымдары негізінде министрлік сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті және парасаттылық қағидаттарын нығайту бойынша бірлескен жоба әзірлейтінін жеткізді.



Добавить комментарий



Включить данные в подпись
Жаңартылған күні: 14.01.2021 11:16
Құрылған күні: 14.01.2021 11:16

Текст