Текст
9 мамыр Жеңіс күніне орай мектеп кітапханасы «Есте сақтау үшін оқы» атты кітап көрмесін дайындады. Біз үшін мамыр – көктем ғана емес, Ұлы Жеңістің символы. Көрме сұрапыл соғыс пен ол үшін жанын қиған, оның ауыртпалығын өз иығымен көтерген жандардың ерліктерін мәңгі есте қалдыруға арналған. Бұл соғыс адамзат тарихындағы соңғы соғыс болады деп сенеміз. Көрмеде Ұлы Отан соғысы туралы түрлі кітаптар – оқиғаның деректі айғағы, соғыс пен оның қаһармандары туралы көркем шығармалар қойылды. Көрмеде соғыс және оның зардаптары туралы толық түсінік алуға мүмкіндік беретін кең ауқымды әдебиеттер қойылды.