Бүгін Астанада Қазақстандық оқу-ағарту, ғылым және жоғары білім қызметкерлерінің салалық кәсіаодағының Атқару Комитетінің отырысы өтті. Отырысты салалық кәсіподақ төрағасы А. Мұқашева жүргізді. Атқару комитеті келесі мәселелерді қарады:
2022 жылғы Қазақстандық оқу-ағарту, ғылым және жоғары білім қызметкерлерінің салалық кәсіподағындағы кәсіподақ мүшелігі және кәсіподақ органдары туралы жиынтық статистикалық есептіліктің қорытындылары туралы;
Кәсіподақтың 2022 жылғы құқық қорғау жұмысының қорытындылары туралы;
Шымкент қаласы кәсіподақ ұйымындағы ақпараттық жұмыс жағдайы туралы;
Кәсіподақтың алқалық органдарының 2021-2022 жылғы қаулыларын орындау барысы туралы;
Кәсіподақ ұйымдарының 2022 жылғы ұжымдық-шарттық жұмысының қорытындысы туралы.
Әлеуметтік әріптестік актілерінің экономикалық тиімділігін есептеу (ұжымдық шарттар, жұмыскерлер үшін еңбек жағдайларын, жұмыспен қамтуды және әлеуметтік кепілдіктерді белгілеу жөніндегі әлеуметтік әріптестік туралы келісімдер), Қазақстандық оқу-ағарту, ғылым және жоғары білім қызметкерлерінің салалық кәсіптік одағының құқықтық еңбек инспекторлары қызметінің экономикалық тиімділігін айқындау жөніндегі әдістемелік ұсынымдарды бекіту туралы және т.б. сұрақтар.
Талқыланған мәселелердің әрқайсысы бойынша ақпараттар тыңдалды. Салалық кәсіподақ төрағасы А. Мұқашева Қазақстандық оқу-ағарту, ғылым және жоғары білім қызметкерлерінің салалық кәсіподағының 2023 жылы Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі мен мәслихаттар депутаттарының кезектен тыс сайлауына қатысуы туралы мәлімет берді.
Егжей-тегжейлі талқылау барысында Атқару комитетінің мүшелері 2022 жылғы салалық кәсіподақ жұмысының нәтижелерін оң бағалады және кәсіподақ қызметін жетілдіру бойынша бірқатар ұсыныстарын жеткізді.
Салалық кәсіподақтың Атқару комитеті жоғарыда аталған мәселелер бойынша тиісті Қаулылар қабылдады және мүшелік ұйымдардың алдына нақты міндеттер қойды.