Текст
Мектеп кітапханасында «Қазақ хрестоматиясы — білімге жол ашқан кітап» атты тақырыптық сөре ұйымдастырылды.
Көрменің мақсаты — ұлы ағартушы, қазақтың алғашқы ұстазы және жазушысы Ыбырай Алтынсариннің баға жетпес мұрасымен оқушыларды таныстыру.
Сөреге оның еңбектерінің басылымдары, әңгімелері, халық мақалдары мен тәлімдік мәтіндері қойылған.
Бұл кітап бүгінгі күні де жас оқырмандарды шабыттандырып, оларды білімге, мәдениетке және ізгілікке жетелейді.