Жыл сайын Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 21 қыркүйектегі № 484 бұйрығымен бекітілген «Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беретін үздік ұйым» грантын беруге арналған конкурсты өткізу қағидаларына сәйкес білім басқармасымен 2021 жылғы наурыз айында Ақмола облысының мемлекеттік колледждері арасында тиімді педагогикалық және басқару тәжірибесін айқындау, жалпылау және тарату, ТжКББ ұйымдарының педагогтері мен басшыларының кәсіби және тұлғалық өсуін ынталандыру мақсатында «Техникалық және кәсіптік білім берудің үздік ұйымы» конкурсы өткізілді.
Конкурсқа қатысуға колледждерден 16 өтінім келіп түсті.
Ұсынылған материалдарды қарастыру қорытындысы бойынша конкурстық комиссия «Степногорск қаласының индустриялық - техникалық колледжі» МКҚК жеңімпаз деп таныды.
2019, 2020 жылғы қорытындысы бойынша Көкшетау қаласы, жоғары техникалық колледжі және Ж. Мусин атындағы Көкшетау жоғары қазақ педагогикалық колледжі жеңімпаздары болып атанды.
Жыл сайын келесі колледждер жақсы нәтижелер көрсетуде: Красный Яр ауылы, Агротехникалық колледжі, Щучинск қаласы, Экология, орман шаруашылығы және туризм жоғары колледжі, Көкшетау қаласы, Ақана сері атындағы жоғары мәдениет колледжі, Щучинск қаласы, Жоғары техникалық колледжі, Чаглинка ауылы, жоғары агротехникалық колледжі, Көкшетау қаласы, Құрылыс - технологиялық колледжі.
Конкурстың барлық қатысушыларына қызықты, әрі мазмұнды жұмыстары үшін алғысымызды білдіреміз. Жеңімпаз бен қатысушыларды құттықтай отырып, дендеріне саулық және қызметтеріне шығармашылық табыс тілейміз!