"Ақмола облысы білім басқармасының Атбасар ауданы бойынша білім бөлімі Атбасар қаласының  № 3 жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение «Общеобразовательная школа №3 города Атбасар отдела образования по Атбасарскому району управления образования по Акмолинской области» 

СоцСети

   

 

 

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қоғамдық кеңесінің отырысы өтті

17.02.2022

Ағымдағы жылдың 14 ақпанында Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Қоғамдық кеңесінің кеңейтілген отырысында жаңа заңнамалық бастамалар қаралды.

Отырысқа Парламент Мәжілісінің депутаттары қатысты.

Агенттіктің қоғамдық кеңесінің мүшелері жақында қабылданған 2022-2026 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат тұжырымдамасының негізгі бағыттарымен танысты, Парламент Мәжілісінің қарауында жатқан «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасын (бұдан әрі – Заң жобасы) талқылады. Талқылау барысында Қоғамдық кеңес мүшелері мен шақырылғандар бірқатар ұсыныстар енгізіп, туындаған сұрақтарға толық жауаптар алды.

Заң жобасының негізгі новелласы негізсіз баю үшін жауапкершілікті белгілей отырып, мемлекеттік қызметшілер мен оларға теңестірілген адамдар шығыстарының олардың табыстарына сәйкестігін бақылауды енгізу болып табылады.

Мемлекеттік қызметшілердің кірістерін бақылау тетігі ЭЫДҰ (Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы), Шығыс Еуропа және ТМД бірқатар елдерінде тиімді жұмыс істейді.

Заңнамалық түзетулердің тағы бір маңызды блогы сыбайлас жемқорлық фактілері туралы хабарлайтын немесе сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылда өзге де жолмен жәрдемдесетін адамдарды қорғауды күшейтуге бағытталған.

Сыбайлас жемқорлық фактілері туралы хабардар ету деңгейі сөзсіз жоғары болады деп күтілуде, өйткені мемлекет сыбайлас жемқорлар тарапынан ықтимал қудалаудан қорғаудың кепілді құқықтық құралдарын қамтамасыз ететін болады.

Бұл озық халықаралық стандарттар сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың тиімділігін арттыруда елеулі қадам болады және елеулі профилактикалық әсерге ие болады.



Добавить комментарий



Включить данные в подпись
Жаңартылған күні: 17.02.2022 14:24
Құрылған күні: 17.02.2022 14:48

Текст