"Ақмола облысы білім басқармасының Атбасар ауданы бойынша білім бөлімі Атбасар қаласының  № 3 жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение «Общеобразовательная школа №3 города Атбасар отдела образования по Атбасарскому району управления образования по Акмолинской области» 

СоцСети

   

 

 

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

"Жас өлкетанушылар мектебі «Атбасар ауданының мұғалімдері-Ұлы Отан соғысына қатысушылар»

03.06.2020

Біздің әрқайсымыздың өмірінде мектеп болды. Әр мектептің өз тарихы бар, оның жанында барлық адамзатты дүр сілкіндірген оқиға – соғыс болған. Соғыс... қандай кішкентай және қорқынышты сөз... Ал соғыс оқиғалары өтіп кетті. Жыл сайын, 9 мамыр күні көктем мен естелік бірге кездеседі. Біз ескерткіштерге гүл шоқтарын қойып, соғыс туралы фильмдерді қараймыз.

Атбасар ауданының білім беру қызметкерлерінің аудандық мұражайында ардагер мұғалімдерге арналған стенд бар. Осы тақырыпты мен жас өлкетанушылардың жазғы мектебі бағдарламасында дамытамын. Ол "Атбасар ауданының мұғалімдері – Ұлы Отан соғысына қатысушылар"деп аталады. Қазіргі уақытта жұмысқа оқушылардың бастамашыл тобы қатысады. Біздің жұмысымыздың теориялық әдістерінде аудандық мұражайдың материалдарын, ақпараттық сайттарды зерттеу тұр. Іс жүзінде біз сұхбаттарды, туыстарымен кездесулерді, әлеуметтік желілерде хат алмасуды пайдаланамыз. Қазір № 3 ОМ және № 5 ОМ директорлары, ҰОС майданында соғысқан мұғалімдер туралы материалдар дайындалуда. Материалдарды жинауды 11 сынып оқушысы А. Романченко жүргізеді. Ол сондай – ақ біздің мектептің математика мұғалімі Н. М. Романченко туралы материал береді. Жұмыстың соңында біз Атбасар ауданының мұғалімдері – Ұлы Отан соғысына қатысушылар туралы мақалалар мен материалдар жинағын шығаруды жоспарлап отырмыз.

 

Жас өлкетанушылар мектебінің жетекшісі Ю. Н. Плаксина



Добавить комментарий



Включить данные в подпись
Жаңартылған күні: 03.06.2020 17:25
Құрылған күні: 03.06.2020 17:25

Текст