Ағымдағы жылдың 11 мамырында Бас Прокурор Ғизат Нұрдәулетов ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы Марат Ахметжановпен бірге елордалық Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет департаментіне барды.
Ведомствоаралық кеңес барысында еліміздің қадағалау органының басшысы Агенттік қызметкерлерінің қылмыстық заңның жаңа ережелері жағдайындағы жұмысымен және олардың процессуалдық шешімдерді электрондық форматта келісу бойынша прокурорлармен өзара іс-қимылымен танысты. Мұндай жұмыс ел Президентінің азаматтардың құқықтарын қорғауды күшейту үшін қылмыстық процестің үш буынды моделін енгізу жөніндегі тапсырмасы аясында іске асырылады.
Агенттік Төрағасы М.Ахметжанов өз сөзінде үш буынды модельді толыққанды енгізу жұмыстағы айыптау бағытын жоюға, тергеушілердің іс жүргізу қателіктерін болдырмауға және жазаның бұлтартпастығы қағидатын сақтауды қамтамасыз етуге мүмкіндік беретінін атап өтті.
Елордалық Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет департаментінің басшысы ведомство басшыларын азаматтар мен мемлекеттік органдарды қылмыстық орбитаға тартуды барынша азайтуға, басқарушылық қателіктердің шектен тыс криминализациясын жоюға және жұмысқа заманауи цифрлық технологияларды енгізуге жедел-тергеу жұмысын қайта бағдарлау бойынша қабылданып жатқан шаралармен таныстырды.
Еліміздің Бас Прокуроры мен Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің басшысы заңдылықты қамтамасыз ету үшін енгізілген заңнамалық өзгерістердің маңыздылығын, тергеу сапасын арттыру мен жиналатын материалдардың толықтығын қамтамасыз ету бойынша жұмысты одан әрі жетілдірудің маңыздылығын атап өтті.
Сонымен қатар, М.Ахметжанов Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет қызметкерлерінің назарын қылмыстық іс жүргізу кодексінің талаптарын мүлтіксіз сақтау және азаматтардың конституциялық құқықтарын бұзуға жол бермеу қажеттігіне аударды.