Қазақстандық делегация Ташкентте (Өзбекстан) Экономикалық Ынтымақтастық Ұйымына қатысушы елдердің сыбайлас жемқорлыққа қарсы органдары басшыларының және омбудсмендерінің 4-ші отырысына қатысты.
Орталық Азия мен Таяу Шығыстың 10 мемлекетінің сыбайлас жемқорлыққа қарсы ведомстволарының өкілдері сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатты дамыту және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы өзара іс-қимыл мәселелерін талқылады.
М. Ахметжанов Қазақстанда қылмыстық-құқықтық салада, сондай-ақ сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл және цифрландыру саласында жүргізіліп жатқан реформалар туралы хабарлады. Ол осы бағыттарда қабылданған шаралар кешені Қазақстанға Заң үстемдігінің халықаралық рейтингісінде 128 мемлекеттің ішінде 62-орынды алуға мүмкіндік бергенін атап өтті. Дүниежүзілік Банктің Сыбайлас жемқорлықты бақылау индикаторы бойынша Қазақстан 2 жыл ішінде өз көрсеткіштерін 2 еседен астамға жақсартты.
Сонымен қатар, 8 жыл ішінде Қазақстан Сыбайлас жемқорлықты қабылдау индексіндегі (Transparency International) позициясын 133-тен 94-орынға дейін жақсартты.
Іс-шараға қатысушылар сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманы жетілдіру, қылмыстық сот ісін жүргізу және мемлекеттік қызметтер көрсету салаларында цифрлық технологияларды қолдану, сондай-ақ қылмыстық процестің үш буынды моделін енгізу бойынша Қазақстанның тәжірибесін оң атап өтті.
Сапар аясында М. Ахметжановтың Өзбекстан мен Тәжікстанның сыбайлас жемқорлыққа қарсы органдарының басшыларымен екіжақты кездесулері өткізді. Өзбекстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігімен өзара түсіністік туралы Меморандумға қол қойылды.