"Ақмола облысы білім басқармасының Атбасар ауданы бойынша білім бөлімі Атбасар қаласының  № 3 жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение «Общеобразовательная школа №3 города Атбасар отдела образования по Атбасарскому району управления образования по Акмолинской области» 

СоцСети

   

 

 

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Құқықтық ағарту - сыбайлас жемқорлықты жоюдың тиімді әдісі

24.12.2020

Бүгін Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің алаңында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет пен «Жас заңгерлер палатасы» қоғамдық бірлестік арасындағы ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды. 

Аталған өзара іс-қимыл халыққа құқықтық көмек көрсету және азаматтардың құқықтық таным деңгейін арттыру, сондай-ақ сыбайлас жемқорлыққа қарсы мінез-құлықты қалыптастыру бойынша жұмысты күшейтуге мүмкіндік береді.

Тәжірибе көрсетіп отырғандай құқық бұзушылықтардың алдын алуға, ең алдымен, азаматтардың құқықтарын қорғау және өз мүдделерін қорғау үшін заңдарды дербес қолдануға оқыту арқылы қол жеткізіледі.

Агенттік Төрағасы өз сөзінде азаматтардың құқықтық сауаттылығын арттыру, сондай-ақ халықтың әлеуметтік осал топтарына өмірлік маңызды мәселелерді шешуде заң көмегін көрсету мақсатында «Адал көмек» волонтерлік жобасының іске асырылуы туралы айтып берді, жоба аясында 30 мыңнан астам азаматтың мәселесі шешілді.

Осымен қатар, еліміздің барлық өңірінде кез келген азамат сыбайлас жемқорлыққа қарсы тақырыпта білікті құқықтық көмек ала алатын «Antikor ortalygy» сервистік орталықтары іске қосылды. Қазір осындай 17 орталық бар және олардың әрқайсысы «Адалдық алаңы» жобасы аясында қоғам мен мемлекет арасындағы сындарлы әріптестікке арналған алаң ұсынады, оның міндеті мемлекеттік органдарды трансформациялау арқылы тұрмыстық сыбайлас жемқорлықты жою болып табылады.

«Азаматтарды сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылға ауқымды жұмылдыру, осы құбылысты мүлдем қабылдамауды қалыптастырудың шешуші факторы ретінде Агенттік жұмысының күн тәртібіндегі бірінші кезектегі мәселе болып табылады. Біздің мақсатымыз - сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылға, азаматтарды толғандыратын мәселелерді шешуге бей-жай қарамайтын барлық адамдарды біріктіру. Біз халыққа қызмет етуге дайын әрбір адамды қолдаймыз», - деп атап өтті А. Шпекбаев.

Өз кезегінде, «Жас заңгерлер палатасы» қоғамдық бірлестігінің өкілдері тұрғындарға құқықтық сауаттылықты арттыру бойынша «Antikor ortalygy», сервистік әкімдіктер базасында консультациялар мен дәрістер өткізуге ниет білдірді.

Бұл бастаманы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл қызметкерлері қолдады.

Іс-шара соңында тараптар азаматтарды құқықтық ағарту арқылы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша ортақ күш-жігерді біріктіруге дайын екендіктерін білдірді.



Добавить комментарий



Включить данные в подпись
Жаңартылған күні: 24.12.2020 12:29
Құрылған күні: 24.12.2020 12:29

Текст