"Ақмола облысы білім басқармасының Атбасар ауданы бойынша білім бөлімі Атбасар қаласының  № 3 жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение «Общеобразовательная школа №3 города Атбасар отдела образования по Атбасарскому району управления образования по Акмолинской области» 

СоцСети

   

 

 

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы оң үрдістер

23.11.2021

Қазақстандық мемлекет дамуының алдыңғы кезеңдерінде жалпы танылған нәтижелерге қол жеткізілді, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ісінде айқын оң үрдістер байқалды, оларды күшейту және дамыту ел дамуының қазіргі заманғы кезеңінде осы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегияны табысты іске асырудың кепілі болады.

Қазақстан ТМД елдерінің арасында алғашқылардың бірі болып осы келеңсіз құбылыспен күрестің мақсатын, міндеттерін, негізгі қағидаттары мен тетіктерін айқындаған «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» Заңды қабылдады.

2001 жылдан бастап сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі мемлекеттік бағдарламалар іске асырылуда, олардың шеңберінде сыбайлас жемқорлық көріністерінің туындау себептері мен жағдайларын жою жөнінде нақты шаралар қабылдануда.

1999 жылдан бастап қолданыстағы «Мемлекеттік қызмет туралы» Заң және 2005 жылы Мемлекет басшысы бекіткен мемлекеттік қызметшілердің Ар-намыс кодексі Қазақстанда ашықтық және меритократия қағидаттарында құрылған кәсіби мемлекеттік аппаратты қалыптастыру үшін негіз жасады.

Тұтастай алғанда, аталған шаралардың қабылдануы Қазақстанға сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет деңгейі бойынша Орталық Азия өңірінде де, Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы (ТМД) елдері арасында да көшбасшы орындардың бірін алуға мүмкіндік берді. 

 

                                                                                  Оспанова А.Н



Добавить комментарий



Включить данные в подпись
Жаңартылған күні: 23.11.2021 09:37
Құрылған күні: 23.11.2021 09:37

Текст