"Ақмола облысы білім басқармасының Атбасар ауданы бойынша білім бөлімі Атбасар қаласының  № 3 жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение «Общеобразовательная школа №3 города Атбасар отдела образования по Атбасарскому району управления образования по Акмолинской области» 

СоцСети

   

 

 

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

«Жаңашыл мұғалім – 2020» республикалық байқауын өткізу ережесі

14.12.2020

 

Мақсаты

Мұғалімнің әлеуметтік және кәсіби оң имиджін қалыптастыру
Педагогикалық инновацияларды қолдау және көтермелеу
Оқытудың барлық форматын: дәстүрлі, қашықтан және аралас оқыту форматтарын жетілдіру

Байқауды өткізу тәртібі мен мерзімі

Жұмыстар 23.10.2020 – 19.12.2020 аралығында қабылданады,

Байқау шарттары

Байқауға қатысушылардың барлығы педагог болуы тиіс
Байқауға қатысушылардың барлығы OnlineMektep.org, bilimland.kz, itest.kz, imektep.kz, twig-bilim.kz білім беру ресурстарына жазылуы тиіс.
«Жаңашыл мұғалім 2019-2020» байқауының финалистері (Тізімді қараңыз) байқаудың бірінші кезеңіне (01.11 дейін) қатысқаны үшін электрондық Сертификаттарға ие болады және бас жүлде үшін екінші кезеңге қатыса алады. Бұл ретте бұл қатысушылар аталымын өзгерте алады. 
Байқауға қатысатын жұмыстар байқау талаптарына сай болуы тиіс. Авторлар негізінен (құрылымы мен дизайнерлік шешім) қойылған талаптарға сүйене отырып, өз шешімдерін басшылыққа алады.
Қатысушылар байқауға жұмыстарын жолдау арқылы BilimLand компаниясына қатысушылардың суреттерін, байқауға қатысатын жұмыстарын, атап айтқанда, бейнематериалдарын OnlineMektep.org және bilimland.kz сайттарында, әлеуметтік желілерде толық немесе ішінара жариялауға келісім береді.

Байқауды ұйымдастыру

Байқауға келіп түскен жұмыстарды тәуелсіз сараптама комиссиясы бағалайды.

Жеңімпаздар диплом мен көрсетілген мөлшердегі ақшалай жүлдеге ие болады:

«Қашықтан оқыту сабағындағы АКТ» аталымы – 500 000 (бес жүз мың теңге); NEW
«Дәстүрлі сабақтағы АКТ» аталымы – 500 000 (бес жүз мың теңге);
«Тәрбие жұмысындағы АКТ» аталымы – 500 000 (бес жүз мың теңге);
«Мектепке дейінгі білім берудегі АКТ» аталымы – 500 000 (бес жүз мың теңге).

Әр аталым бойынша үздік 10 жұмыстың авторлары Алғыс хатпен марапатталады.

Байқауға кімдер қатыса алады?

1. Қазақстан азаматтары немесе ҚР аумағында жұмыс істейтін оқытушылар (педагогика саласының мамандары);

2. Мектепке дейінгі, бастауыш және орта білім беру мекемелерінің (балабақша тәрбиешісі, орта мектепте, гимназияда, лицейде, колледжде сабақ беретін мұғалімдер) оқытушылары;

3. Білім беру мекемелерінің сынып жетекшілері, тәлімгерлері мен тәрбиешілері.

Барлық қатысушының педагогикалық жұмыс өтілі 1 жылдан кем болмауы тиіс және әр қатысушы жұмыс орнынан берілген растайтын анықтаманың электронды нұсқасын ұсынуы тиіс (анықтама ұсынбаған қатысушылар байқауға жіберілмейді).

*Байқауға тек ҚР аумағындағы педагогтер қатыса алады.

Байқауға ұсынылатын жұмыстарға қойылатын талаптар

сабақ, сыныптан тыс шара, оқу жұмысын өткізудегі әдістемелік сауаттылық;
сабақ (оқу) мазмұнының міндетті түрде МЖМБС мен жаңартылған мазмұндағы оқу бағдарламасына сай болуы;
міндетті түрде OnlineMektep.org, bilimland.kz, itest.kz, imektep.kz, twig-bilim.kz білім беру ресурстарының мультимедиалық материалын (видеофильмдер, анимациялық презентациялар, мультимедиялық слайд-шоу, интерактивті жаттығулар, симуляторлар, диаграммалар, сұлбалар, жұмыс парақтары және т.б.)  пайдалану;
практикада қолдануға икемділігі;
жұмыстың сапалы безендірілуі;
авторлық идеяның бірегейлігі;
авторлық құқықтың сақталуы (басқа авторлардың жұмысын толық немесе ішінара көшіруге тыйым салынады; плагиат жұмыс ұсынған қатысушылар байқаудан шеттетіледі);
байқауда жеке адамның жұмысы бағаланатындықтан, байқауға ұсынылатын жұмыс БІР ғана авторға тиесілі болуы тиіс;
әр қатысушы тек бір тілде, БІР ҒАНА АТАЛЫМ БОЙЫНША қатысып, байқауға БІР ғана жұмыс ұсына алады.

 

 

А.Сыздыкова



Добавить комментарий



Включить данные в подпись
Жаңартылған күні: 14.12.2020 09:28
Құрылған күні: 14.12.2020 09:28

Текст