Қазіргі жағдайда кез келген мемлекеттік орган қоғам тарапынан қолдау арқылы ғана табысқа жете алады. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы тиімді іс-қимылды, атап айтқанда, халықтың белсенді қатысуымен ғана жүзеге асыруға болады.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі түрлі байланыс арналары («Antikor Live», «Antikor News» жобалары, Facebook, Instagram, telegram және т.б.) арқылы ашықтық қағидатын жүзеге асыруда.
Оның ішінде Call-орталық азаматтарға тегін ақпараттық-консультациялық қолдау көрсетуде.
Операторлар агенттіктің қызметі туралы сұрақтарға жауап береді, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет пен оның қызметкерлерінің жұмысына шағымдар, ұсыныстар мен пікірлерді қабылдайды, жұмысқа түсу тәртібін түсіндіреді.
Орталық сыбайлас жемқорлық фактілері, оның ішінде жасалған немесе дайындалып жатқан құқық бұзушылықтар жөнінде, сондай-ақ кәсіпкерлік қызметке кедергі келтіру жағдайлары туралы телефон хабарламаларына тәулік бойы ден қояды.
Егер бұрын қылмыстық істер бақылау-қадағалау органдары тарапынан жедел әзірлемелер мен құжаттық тексеру материалдары негізінде қозғалса, бүгінгі таңда Агенттіктің, сондай-ақ бей-жай қарамайтын азаматтардың хабарламаларына да сүйеніп отыр.
Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасады деген күдік туралы қоңырау түскен кезде оператор абонентті Агенттіктің кезекші офицерімен дереу қосады, ол хабарламаны тіркейді және жедел ден қою шараларын қабылдайды.
Осылайша, әрбір хабарлама уақтылы тексеріледі. Жеткілікті негіздер болған жағдайда сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталады.
Соның ішінде азаматтар тікелей байланыс арқылы жергілікті Департтаментерге де сыбайлас жемқорлық фактілері туралы хабарлауда.
Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық фактісі туралы хабарлаған немесе сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылға өзге де жолмен жәрдемдескен адамдарға, егер кінәлі адамға қатысты әкімшілік жаза қолдану туралы сот қаулысы немесе айыптау үкімі заңды күшіне енген болса, біржолғы ақшалай сыйақы төленеді.
Агенттік тұрақты негізде сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық туралы хабарлаған немесе сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылда өзге де жолмен жәрдемдесетін адамдарды көтермелеу жөніндегі аумақтық органдардың жұмысына талдау жүргізеді.
Көтермелеу Қағидалармен регламенттелген және сыбайлас жемқорлыққа мүлдем төзбеушілікті қалыптастыру және азаматтық қоғамды осы қауіпті әлеуметтік құбылыспен күреске тарту бойынша пәрменді ынталандырушы тетік болып табылады.
Өткен жылы ынталандыру ережелеріне өзгерістер енгізілді.
ЭЫДҰ елдерінің (Германия, Ұлыбритания, АҚШ) тәжірибесі бойынша сыйақы сомасы сараланған сомаға айналды.
Енді пара немесе келтірілген залал сомасы 1 мың АЕК-тен (2 млн 778 мың теңге) аспайтын сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық туралы хабарлама үшін сыйақы (қылмыстың ауырлығына байланысты) 30-дан 100 АЕК-ке дейін құрайды.
Көрсетілген сомадан артық – сыйақы 10%-ды құрайды, бірақ 4 мың АЕК-тен аспайды (11 млн 112 мың теңге).
Бұрын көтермелеудің ең жоғары мөлшері 100 есептік көрсеткіштен (277 мың 800 теңге) аспаған.
Соңғы 2 жылда (2019 жылдан 2020 жылға дейін) Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің аумақтық органдарымен жалпы сомасы 58,9 млн теңгеге 396 азамат ынталандырылды.
2019 жылы – 31,8 млн теңге сомасына 214 тұлға.
2020 жылы – 27,1 млн теңге сомасына 182 тұлға.
2020 жылы көтермеленгендердің ішінен – 122 адам ауыр қылмыс жасау туралы хабарлады; ауырлығы орташа істер бойынша – 55 адам; онша ауыр емес істер бойынша – 2 адам; және 3 адам әкімшілік құқық бұзушылық туралы хабарлағаны үшін көтермеленді.
Талдау көрсеткендей, негізінен азаматтар парақорлық (ҚК 366, 367 және 368-баптары) – 126 хабарлама немесе 69,2% және ұрлау (ҚК 190 және 189-баптары) – 46 немесе 25,2% фактілері туралы хабарлайды.
Тағы 5 (2,7%) хабарлама лауазымдық өкілеттіктерін теріс пайдалану фактілері бойынша расталды (ҚК 361-бабы).
Бұл ретте, адамдар көтермеленген расталған хабарламалардың ең көп саны ішкі істер органдарына келеді – 50-ден астам хабарлама, әкімдіктер мен олардың құрылымдық бөлімшелері – 50-ге жуық, пара берген адамдарға қатысты – 15-ке жуық хабарлама.
Азаматтарды көтермелеу бойынша ең жоғары нәтижелілік Жамбыл облысы (30 тұлға – 5 009 910 теңге), Алматы қаласы (19 тұлға – 3 566 226 теңге), Түркістан облысы (14 тұлға – 2 344 770 теңге) және Алматы облысы (13 тұлға – 2 328 280 теңге) бойынша департаменттерде байқалады.
Ағымдағы жылы бюджеттен 213 адамды көтермелеуге 33,9 млн теңге (33 944 000) бөлінді.
Ағымдағы жылдың қаңтар айында аумақтық департаменттермен 1 306 740 теңге сомасына 11 тұлға ынталандырылды (Қарағанды – 390 000 теңге сомасына 1 тұлға; Атырау – 500 040 теңге сомасына 3 тұлға; Маңғыстау –138 900 теңге сомасына 1 тұлға; Түркістан – 138 900 теңге сомасына 1 тұлға; Ақтөбе – 138 900 теңге сомасына 1 тұлға; Қостанай – 4 тұлға (грамоталар)).
Мысалы, азаматтардың өтініші бойынша Қарағанды облысының департаментімен «Д» азаматының арызы бойынша Шахтинск қаласының Құрылыс бөлімінің басшысы Әлиев және мердігерлік ұйымдардың директорлары Хан мен Цой ауыр сыбайлас жемқорлық қылмыс жасауда әшкереленді (ҚК 28 бабы 4 б. – 367 бабы 3 б.)
Олар «Д» азаматты прокуратура қызметкерлеріне көп қабатты үй құрылысына бөлінген бюджет қаражатын жымқыру фактісі бойынша қылмыстық істі тоқтатқаны үшін 3,9 млн теңге сомасында пара беруге итермеледі.