Тәуелсіздік алғанға дейін Қазақстанның көпвекторлы стратегиясын айқындайтын саяси шешімдер қабылданды, олардың бірі Президенттің 1991 жылғы 29 тамыздағы Семей ядролық полигонын, әлемдегі төртінші ядролық қару қорын жабу туралы Жарлығы болып табылады. Әлемдік қоғамдастыққа Қазақстанның ядролық қарусыз әлемге ұмтылған қауіпсіз ел екенін көрсетті. Қазақстанның бастамасы бойынша 2009 жылғы 2 желтоқсанда Біріккен Ұлттар Ұйымы Бас Ассамблеясының алпыс төртінші сессиясы 64/35 қарарды бірауыздан қабылдап, 29 тамызды Ядролық сынақтарға қарсы халықаралық іс-қимыл күні деп жариялады. Көпұлтты елде азаматтық бейбітшілік пен ұлтаралық келісімді қолдау мақсатында "Қазақстан халықтарының Ассамблеясы"құрылды. 12 желтоқсанда Президент Жарлығымен 1986 жылғы 17-18 желтоқсандағы Қазақстандағы оқиғаларға қатысқаны үшін жауапқа тартылған азаматтар ақталды.
Тәуелсіздік жылдарында Қазақстан Біріккен Ұлттар Ұйымының (БҰҰ) толық құқықты мүшесі, сондай-ақ Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымы (ЕҚЫҰ), Шанхай Ынтымақтастық Ұйымы (ШЫҰ), Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы (ТМД), Еуразиялық экономикалық одақ (ЕАЭО), Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымы (ҰҚШҰ) және басқа да ұйымдардың қатысушысы болды.
1994 жылғы 6 шілдеде Қазақстан Республикасының Жоғарғы Кеңесі саяси және экономикалық себептер бойынша астананы ауыстыру туралы шешім қабылдады. 1997 жылы ел астанасын Алматыдан Нұр-сұлтанға (сол кезде Ақмола) көшірді. Қысқа мерзім ішінде ЮНЕСКО-ның "Бейбітшілік қаласы" марапатына ие болған заманауи қала салынды, онда Еуропадағы қауіпсіздік және Ынтымақтастық Ұйымының (ЕҚЫҰ) Саммиті, Сириядағы ахуалды реттеу жөніндегі келіссөздер, әлемдік және дәстүрлі діндердің бірінші съезі, ЕХРО-2017 халықаралық мамандандырылған көрмесі сияқты халықаралық экономикалық және саяси оқиғалар өтеді. Елордада өткізілген ауқымды іс-шаралар еліміздің имиджін нығайтуға, оның әлемдік қоғамдастық арасында танылуына және беделіне ықпал етеді.
Иржанова Б. Е