"Ақмола облысы білім басқармасының Атбасар ауданы бойынша білім бөлімі Атбасар қаласының  № 3 жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение «Общеобразовательная школа №3 города Атбасар отдела образования по Атбасарскому району управления образования по Акмолинской области» 

СоцСети

   

 

 

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Халықаралық сарапшылар: Қазақстан пандемия кезінде үздіксіз білім беру үрдісін тиімді ұйымдастыра алды

30.11.2020

«COVID-19 індеті басталып, қашықтан оқыту форматына амалсыз көшкен кезде Қазақстан үздіксіз білім беру үрдісін тиімді ұйымдастыра алды. Енді пандемиядан кейінгі кезеңде білім беру процесін қалпына келтіру және сын-қатерлерге жауап бере алатын мектеп жүйесін құру үшін жағдай жасау қажет», – деді «Білім берудегі олқылықтарды қалпына келтіру және тұрақты мектеп жүйесін құру» атты онлайн-вебинар барысында Дүниежүзілік банктің Қазақстандағы тұрақты өкілі Жан-Франсуа Марто. Аталған шараны Дүниежүзілік банк, БҰҰ Балалар Қоры (ЮНИСЕФ), ЮНЕСКО, Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы мен Білім және ғылым министрлігі бірлесіп ұйымдастырды.

Халықаралық сарапшылар пандемия кезінде мектептердің жабылуы әлем бойынша оқушылардың үлгеріміне және мектеп бағдарламасын меңгеру деңгейіне әсер еткенін айтты. «Білім берудегі туындаған мәселелерді қалпына келтіру үшін тиімді шаралар қабылдау қажет», – дейді сарапшылар.

Білім және ғылым вице-министрі Шолпан Каринова карантин кезеңінде қашықтан оқыту форматына көшу барысында тек сын-қатерлер ғана емес, жаңа мүмкіндіктер де пайда болғанын айтты.

«Осы  кезеңде балаларды оқытуға мүдделі тараптардың бәрі өзара жақындай түсті. Ата-аналар оқу процесіне белсенді араласып, жағдайды назарда ұстап отыр. Одан бөлек білім беру интернет-платформаларының жұмысы жаңғырғанын, цифрлы сауаттылықтың артқанын, компьютеризация мен кері байланыстың күшейгенін айта кеткен жөн», –деді вице-министр Шолпан Каринова.

Вице-министрдің айтуынша, қашықтан білім беру дәстүрлі білім беруді алмастыра алмайды. Өйткені оқу процесін ұйымдастыру – бұл жай ғана оқу үрдісі ғана емес, сондай-ақ балалардың ортаға бейімделуі мен өзара қарым-қатынас жасауына, оларды дамытуға бағытталған жұмыс.

Пандемия және карантиндік шектеулер кезінде оқу процесін реттеу үшін бірқатар нормативтік құқықтық құжат қабылданды, бағалау жүйесі бейімделіп, білім берудің мемлекеттік стандарты мен санитарлық ережелерге өзгерістер енгізілді.

«Біз бұл бағытта сарапшылармен белсенді жұмыс жасап, қолданыстағы жұмыс тәжірибесіне талдау жасап жатырмыз. Бұл бір күндік жұмыс емес, қалпына келтіру процесі ұзақ үрдіс екенін түсінеміз. Қазіргі таңда мектептердің 50%-ы, тек 1 миллион оқушы дәстүрлі форматта білім алып жатыр. Біз үшін барлық білім беру ұйымының ашылғаны маңызды. Ол үшін эпидемиологиялық жағдайдың жақсарып, санитар дәрігерлердің рұқсат беруін күтеміз», – деді Шолпан Каринова.

Халықаралық сарапшылар пандемия кезіндегі Білім және ғылым министрлігінің қызметіне оң баға берді.

«Қиын-қыстау кезеңде тек проблемаларға ғана баса назар аудармай, сонымен қатар осы жағдайда ашылған жаңа мүмкіндіктерге де мән беріп отырғандарыңызды құптаймын. Қазақстанның білім саласында жақсы нәтижелерге жеткенін атап өткім келеді. Бұл кезеңде министрлік ата-аналармен, мұғалімдермен және оқушылармен ашық диалог жүргізді, бұл өте маңызды әрі қуанарлық жағдай», – деді білім  саласындағы жетекші сарапшы, Дүниежүзілік банктің өкілі Айша Вауда.

ЮНИСЕФ-тің Қазақстандағы өкілі Артур Ван Дирен мұғалімдердің пандемия кезіндегі жұмысын ерекше атап өтіп, алғысын білдірді.

«Қазіргі таңда  ерлік іс жасап жатқан батырларымыз – мұғалімдер. Қашықтан оқыту форматына тез көшу – оңай шаруа емес. Осы ретте мұғалімдер қыруар жұмыс атқарғанын атап өткен жөн», – деді Қазақстандағы БҰҰ Балалар қорының өкілі.

 

ҚР БҒМ баспасөз қызметі



Добавить комментарий



Включить данные в подпись
Жаңартылған күні: 30.11.2020 16:55
Құрылған күні: 30.11.2020 16:55

Текст