"Ақмола облысы білім басқармасының Атбасар ауданы бойынша білім бөлімі Атбасар қаласының  № 3 жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение «Общеобразовательная школа №3 города Атбасар отдела образования по Атбасарскому району управления образования по Акмолинской области» 

СоцСети

   

 

 

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Адалдық сағаты Мұқағали Мақатаевтың мәңгілік мұрасына арналды

12.02.2021

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің «Мұқағали Мақатаев – мәңгілік ғұмыр» тақырыбындағы кезекті адалдық сағаты өтті.

Онлайн дәрістің негізі ретінде әділеттілік пен адалдыққа, патриотизмге және елге деген құрметтен өрнектелген ұлы ақынның шығармалары алынды.

Биыл 9 ақпан күні жыр мұзбалағы, ақиық ақын Мұқағали Мақатаевтың туғанына 90 жыл (1931–1976) толды.

Мақатаевтың шығармашылығы қазақ поэзиясының алтын қоры болып табылады. ХХ ғасырдың бірінші жартысында дүниеге келген, рухы мен бар бітімімен халықтың қайнар көзін сіңірген дарын өз халқының ең сүйікті ақыны болды.

Ақынның өзі айтқандай «Поэзия – махаббаттан басталып, парасатпен аяқталуы тиіс», осылайша, ол адамдарды адал, мейірімді болуға, жас ұрпақты Отанға деген сүйіспеншілікте тәрбиелеуге, туған жері мен ана тілін қастерлеуге, үлкендерді құрметтеп, бейбіт уақыттың әр сәтін бағалауға шақырды.

Онлайн-дәріс барысында жастар ақынның патриоттық өлеңдерімен танысты.

Ақын шығармашылығында Отан мен туған табиғат тақырыбы маңызды орын алады. Өз шығармаларында ол адам Отансыз өмір сүре алмайтынын айтты. Отансыз адамды ормансыз құсқа теңеді.

«Адалдық сағатында» Мұқағали ақынның өлеңдері мен шығармашылығы арқылы патриотизм мен жеке бастың қадір-қасиеті туралы ойлар айтылды.

Бұл ойларды санаға сіңіріп өскен кез-келген жас болашақта адалдық пен әділеттілік жолымен жүретініне күмән жоқ.

Мұқағали Мақатаев қазіргі қазақ поэзиясын жаңа көркемдік деңгейге көтерді. Оның шығармашылығы идеологиялық және саяси көріністерден ада, нағыз лирикаға толы.

Ақынның шығармаларын зерттей отырып, біз Отанды сүюге және қорғауға, табиғатты аялауға, адамдарды сүюге, аналарымыз бен жақындарымызды бағалауды үйренеміз.

 

Бейне-дәріске сілтеме:

https://youtu.be/haghXaHx3oc



Добавить комментарий



Включить данные в подпись
Жаңартылған күні: 12.02.2021 11:26
Құрылған күні: 12.02.2021 11:26

Текст