Текст
№3 мектеп кітапханасында 22 қазанда аталып өтетін Ақ тырналар күніне арналған кітап көрмесі ұйымдастырылды.
Бұл күн – соғыстан оралмаған, майдан даласында қаза тапқан барлық жауынгерлерді еске алу символы болып табылады.
Көрмеде Ұлы Отан соғысы, Ауған және Шешен соғыстары туралы кітаптар мен материалдар, ерлік пен батырлыққа, сонымен қатар Отан қорғаушыларын мәңгі есте сақтауға арналған өлеңдер мен әңгімелер ұсынылған.
Көрменің мақсаты – оқушылардың ел тарихына деген құрметін, батырларға деген ризашылығын және олардың ерліктерін есте сақтау сезімін тәрбиелеу.