Мектеп кітапханасында 1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күніне арналған кітап көрмесі ұйымдастырылды.
Қазақстан халқының бірлігі күні – нағыз отансүйгіштіктің, еліне деген адалдықтың және ата-баба жеріне деген риясыз сүйіспеншіліктің мерекесі.
Қазақстан – 130-дан астам ұлт пен ұлыс өкілдері тату-тәтті өмір сүріп жатқан көпұлтты мемлекет. Қазақстан халықтары өзара түсіністік пен барлық ұлттар мен ұлыстардың мәдениетін, салт-дәстүрін, әдет-ғұрпын құрметтеуде бейбіт өмір сүруде. Қазақстан халқының бірлігі күні байланысты нығайтып, түрлі этнос өкілдері арасындағы диалогты барынша ашық етіп, елде тұратын халықтың жетістіктерін паш етуді көздейді. Қазақстан халқының бірлігі күні байланысты нығайтып, түрлі этнос өкілдері арасындағы диалогты барынша ашық етіп, елде тұратын халықтың жетістіктерін паш етуді көздейді. Кітап көрмесінде Қазақстан аумағында тұратын барлық этностардың тарихы мен қазіргі өмірін, мәдениетінің, дәстүрі мен өнерінің дамуын көрсететін материалдар қойылған.