"Ақмола облысы білім басқармасының Атбасар ауданы бойынша білім бөлімі Атбасар қаласының  № 3 жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение «Общеобразовательная школа №3 города Атбасар отдела образования по Атбасарскому району управления образования по Акмолинской области» 

СоцСети

   

 

 

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

2020 ж ҰБТ өзгерісі

19.10.2020

Облыстардың, Нұр-Сұлтан, Алматы

және Шымкент қалаларының білім

басқармалары

 

                                                         Республикалық білім беру ұйымдарына

 

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі бүгінгі күні Ұлттық тестілеу орталығы (бұдан әрі – Орталық) Ұлттық бірыңғай тестілеуді (бұдан әрі - ҰБТ) ұйымдастыру мен өткізудегі барлық өзгерістер туралы ақпаратты түсіндіру және тарату бойынша жұмыстарды жүргізіп отырғандығын хабарлайды.

Ағымдағы 2020-2021 оқу жылында бірқатар өзгерістердің болуына байланысты 2021 жылы өтетін ҰБТ туралы сенімді және өзекті ақпаратқа ие болу маңызды деп есептейміз.

Білім алушылардың ғаламтор кеңістігінде белсенділігін ескере отыра, барлық өзекті ақпарат жедел түрде Орталықтың ресми сайтында және әлеуметтік желілердегі парақшаларында жарияланып отырады:

  • Ресми сайт: testcenter.kz;
  • Facebook: testcenterkz;
  • Instagram: testcenterkz;
  • VKontakte: testcenterkz;
  • YouTube: Ұлттық тестілеу орталығы.

ҰБТ туралы шындыққа жанаспайтын ақпараттың таратылуына жол бермеу үшін Орталықтың жоғарыда көрсетілген байланыс арналарында ғана жарияланатын ресми дереккөздерді пайдалануға кеңес береміз.

 Сонымен қатар, Орталық білім беру орталықтарымен бірлесіп ҰБТ-ға дайындық бойынша ақысыз онлайн курстарын өткізеді және ол курстар жоғарыда көрсетілген байланыс арналарында (Facebook, Instagram, Vkontakte, YouTube) көрсетілетін болады.

Осы ақпаратты білім беру ұйымдарының жоғары сынып оқушыларына және ата-аналарына жеткізу қажет. Анықтама телефоны:  (87172) 69-50-91.  

 

Вице-министр                                                                         Ш. Каринова                                                                                                              

 

Т. Жакенов, 74-20-48

 

 



Добавить комментарий



Включить данные в подпись
Жаңартылған күні: 19.10.2020 17:21
Құрылған күні: 20.10.2020 09:41

Текст