Мамандық таңдау- өте жауапкершілікті және маңызды іс. Мамандық таңдауда әр адам өзінің қызығушылығына, қабілетіне, бейімділігіне, қалауына сүйену керек. Қандай мамандықты таңдау керек және болашақта еңбек нарығында қалай сұранысқа ие болу керек? Қоғамға, адамдарға пайдасын тигізетін мамандықтарды қалай таңдауға болады? Жасөспірімге бұл сұрақтарға жауап беру қиын, өйткені ол кәсіптер әлемімен таныс емес және өмірінде ешқашан жұмыс істемеген.
Оқушыға болашақ мамандықты таңдауда кәсіби бағдар беру қажет. Білім беру ұйымдарында кәсіби бағдарлау жұмысымен кәсіби бағдарлауды үйлестірушілер айналысады.
Жыл сайын білім басқармасы және облыстық оқу-әдістемелік кабинеті Ақмола облысы техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдары арасында «Мамандықтар әлемін ашамыз» форумын өткізеді.
Форум аясында «Үздік кәсіби бағдар беруші», «Үздік кәсіби бағдар беру жобасы», «Мамандықтар автобусы» жобасын іске асырғаны үшін» номинациялары бойынша конкурстар ұйымдастырылды.
Конкурс қорытындысы бойынша келесі номинациялар бойынша жеңімпаздар анықталды:
Жалпы білім беру ұйымдарының үйлестірушілері арасында «Үздік кәсіби бағдар беруші»:
1 орын – Зиганшина Карина Фаисовна, «Атбасар ауданы білім бөлімінің Самарка а. НОББМ» КММ;
2 орын – Лазарева Виктория Викторовна, «Ақкөл ауданы білім бөлімінің Наумовка а. Бала бақша мектебі» КММ;
3 орын - Гришина Ксения Борисовна, «Сандыктау ауданы білім бөлімінің Максимовка а. ЖОББМ» КММ.
Техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының үйлестірушілері арасында «Үздік кәсіби бағдар беруші»:
1 орын – Сергазин Бауржан Габдуллович, «Көкшетау қаласы, Құрылыс-технологиялық колледжі» МКҚК;
2 орын - Ташенова Айжан Қадырбаевна, «Ж. Мусин атындағы Көкшетау жоғары қазақ педагогикалық колледжі» МКҚК;
3 орын - Кусаинова Алмагуль Турмагамбетовна, «Көкшетау жоғары медициналық колледжі» МКҚК.
Жалпы білім беру ұйымдарының үйлестірушілері арасында «Үздік кәсіптік бағдарлау жобасы»:
1 орын – Тулупова Александра Николаевна Степногорск қаласы білім бөлімінің жанындағы «Мектепаралық оқу-өндірістік комбинаты» МКҚК;
2 орын – Дылева Маргарита Юрьевна, «Атбасар ауданы білім бөлімінің Тимашевка а. ЖББМ» КММ;
3 орын – Аубакирова Жулдыз Багдатовна, «Зеренді ауданы, білім бөлімінің Ақкөл ауылындағы ЖББМ» КММ
Техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының үйлестірушілері арасында «Үздік кәсіптік бағдарлау жобасы»:
1 орын – Бекназар Айдана Берікқызы, Корнева Ольга Сергеевна, Попович Инна Витальевна, Жоғары азаматтық қорғау көпсалалы колледжі.;
2 орын – Мадиева Гульмира Кайыржановна, «Біржан сал атындағы музыкалық колледжі» МКҚК;
3 орын – Грядунова Екатерина Андреевна, Бексеит Мадина Исасеитовна, «Ақан сері атындағы жоғары мәдениет колледжі» МКҚК.
Ақмола облысының білім беру ұйымдары арасында «Мамандықтар автобусы»:
1 орын – «Атбасар ауданы білім бөлімінің Атбасар қ., №2 ЖОББМ» КММ;
2 орын – Көкшетау қаласы Ж. Мусин атындағы Көкшетау жоғары қазақ педагогикалық колледжі» МКҚК
3 орын – Есіл қ. Агротехникалық колледжі» МКҚК.
Барлық жеңімпаздар мен жүлдегерлерді құттықтаймыз!
Сіздерге шығармашылық табыс тілейміз!
https://www.gov.kz/memleket/entities/aqmola-edu/press/news/details/298699?lang=kk