"Ақмола облысы білім басқармасының Атбасар ауданы бойынша білім бөлімі Атбасар қаласының  № 3 жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение «Общеобразовательная школа №3 города Атбасар отдела образования по Атбасарскому району управления образования по Акмолинской области» 

СоцСети

   

 

 

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Нұсқаулық бойынша сыбайлас жемқорлықтың алдын алуға байланысты

20.10.2021

1. Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заңнамасы Қазақстан Республикасының Конституциясына негізделеді және осы Заң мен Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерінен тұрады.

2. Егер Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шартта басқа қағидалар белгіленсе, онда халықаралық шарттың қағидалары қолданылады.Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл қағидаттар негізінде жүзеге асырылады:

1) заңдылық;

2) адамның және азаматтың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін қорғау басымдығы болып табылады;

3) жариялылық және ашықтық;

4) мемлекет пен азаматтық қоғамның өзара іс-қимылы;

5) Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл шараларын жүйелі және кешенді пайдалану қағидаттарына негізделеді;

6) Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу шараларын басым қолдану;

7) сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылға жәрдем көрсететін адамдарды көтермелеу болып табылады;

8) сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасағаны үшін жазаның бұлтартпастығы қағидаттарына негізделеді.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың мақсаты мен міндеттері

1. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың мақсаты қоғамдағы сыбайлас жемқорлықты жою болып табылады.

2. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мақсатына қол жеткізу мынадай міндеттерді шешу арқылы іске асырылады:

1) қоғамда сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік ахуалын қалыптастыру;

2) Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасауға ықпал ететін жағдайлар мен себептерді анықтау және олардың салдарларын жою арқылы жүзеге асырылады;

3) Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл субъектілерінің өзара іс-қимылын нығайту;

4) Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі халықаралық ынтымақтастықты дамыту;

5) анықтау, жолын кесу, ашу және тергеп-тексеру сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар.

 

 

                                                                                                 Оспанова А.Н



Добавить комментарий



Включить данные в подпись
Жаңартылған күні: 20.10.2021 09:06
Құрылған күні: 20.10.2021 09:06

Текст