2021 жылғы 9 наурызда Ақмола облысының білім басқармасы сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру бойынша ұйымдастыру іс-шараларының желілік кестесі шеңберінде білім басқармасы ұжымының және аудандық, қалалық білім бөлімдері басшыларының қатысуымен Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру бойынша дөңгелек үстел өткізді.
Дөңгелек үстел барысында білім беру ұйымдарында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру бойынша жұмысты ұйымдастыру және педагогикалық этика кеңестерінің қызметі мәселелері қаралды, білім басқармасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандартының тұсаукесері өткізілді.
Талқылау қорытындысы бойынша қалалардың (аудандардың) білім бөлімдеріне білім беру саласында одан әрі сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл шаралары туралы тиісті ұсынымдар жіберілетін болады.