Текст
Сейтенова Зауреш Алихановна менің ұлым Бекназардың сынып жетекшісі және қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі. Зауреш Алихановна ең мейірімді, кең пейілді, жүрегі жылы ұстаз. Зауреш Алихановна сыныптағы әр баланың жанын, балалығын түсіне білетін нағыз ұстаз деп білемін. Біздің сынып жетекшіміз мадаққа да, марапатқа да лайық адам. Зауреш Алихановна өмірде жақсы мен жаманды тануға , үлкен армандарға үміт артуға балама көп көмегін тигізеді. Отбасымыздың атынан сізге алғысымыз шексіз.
Ұстаздық жолда қанатыңыз талмай, шәкірттеріңіздің алғысына бөлене беріңіз!
Автор Есемсейтова Орынбасар Алпысбаевна, Бекназардың анасы.