"Ақмола облысы білім басқармасының Атбасар ауданы бойынша білім бөлімі Атбасар қаласының  № 3 жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение «Общеобразовательная школа №3 города Атбасар отдела образования по Атбасарскому району управления образования по Акмолинской области» 

СоцСети

   

 

 

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Атбасардың атақты жәрмеңкесі

18.05.2020

     Өткен XIX ғасырда Атбасардың атағы  жылына  екі рет өтетін жәрмеңкесімен белгілі болды.  Себебі осында Ресей қалаларын былай қойғанда, бірте – бірте алыс шет елдерден, яғни Англиядан, Қытайдан, Бұқарадан, Ташкенттен керуендер келіп, сауда жасаған. Кейбір шет елдердің сауда  ұйымдары  өздерінің шаһарда орналастырған. Сондай сауда өкілдерінің бірі  Ибарурри көшесінде үйі тұрған сарт Ингамхожиев деген азамат болған...

     Оңтүстік елдерінен  шәйі, жібек, батсайы матасы, мақпал, шұға сияқты асыл маталар мен кептірілген өрік – мейіз, жеміс – жидек, қант – шәй жеткізілген. Батыс жақтан тұрмысқа қажет бұйымдар әкеліп, Атбасардан мал, оның өнімдері: жүн, тері, киіз, аңтерілері, май және басқа қолөнер бұйымдары сатылып алынған.

    «Атбасар жәрмеңкесі» XIX ғасырдың  80-90 жылдарында нағыз дәуірлеу кезеңіне жеткені байқалады. Мысалы, 1901 жылы әрелден 1 576 070 рубльдің тауары келтірілген. Ақмола, Атбасар,Қарқаралы жәрмеңкесінен сол жылы саудагерлер 60 мыңдай ірі қара, 200 мыңдай қой айдап, Ресейге әкеткен.

      Қаланың батысынан басталған тақтай дүкеншіктер бірсыпыра жерге созылған. Одан әрі сән – салтанатымен тігілген киіз үйлер, байланған биелер, саудаға әкелген табын – табын мал Киікбай адырына дейін жеткен кездері  болыпты.

      Жәрмеңке күндері сауда – саттықтан басқа да елдің жақсы – жайсандары жиналып, үлкен  бір сауық – сайран жасап, ел еңсесі көтеріліп қалатын кездері де аз болмаған. Атақты ақын –жыраулар мен сал – серілер, өнерпаздар өнерін көрсетіп, ат жарыстарын –ткізген. Атбасар жәрмеңкесі даланың өнері мен мәдениетінің үлкен сахнасына айналған. Ақан сері, Балуан шолақ, қажымұқан, Мәди, әнші Майра сияқты атақтылар да Атбасар жәрмеңкесінде  бір неше рет болып, өнерімен халқын сүйсіндірген екен.

    «Базар барсаң, базарға Атбасар бар, Өзім маңғаз, өзім сал, мен киімге зар – әулем – ай» – дейтін өлең жолдары көпке дейін ел аузында жүрген  кезі болған.   

 

К. Әмірқызы

өлкетанумұражайының қызметкері

Атбасар , 14.08.1986 ж.

 



Добавить комментарий



Включить данные в подпись
Жаңартылған күні: 18.05.2020 16:17
Құрылған күні: 18.05.2020 16:17

Текст